Мұражайдағы қылыш кімдікі?

Мұражайдағы қылыш кімдікі?

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында бүгінде 62526 тарихи жәдігер бар. Соның ішіндегі Кенесары ханның қылышы елдің назарын өзіне ерекше тартады. Алайда...

Жәдігерлерді тіркеу кітабында бұл қылыш 1932 жылдың 8 маусымында 152 деген санмен есепке алынған. Кітапта «Кенесары сұлтанның немересі Әзімхан мұражайға сый ретінде тартқан. Қылыштың қыны теріден, сабы сүйектен істелінген. Қандауыры – 70 см., сабы – 15 см. Тот басқан», деп жазылған.

Кенесарының қылышы жайында естіген әрбір қаны қазақ оны бір көруге құмартатыны шындық. Бірақ ол қылыштан қандай да бір ерекше әсер алу қиын. Себебі қылыш тым жұпыны, шағын ғана, хан пайдаланған қылышқа мүлдем ұқсамайды. Бір сөзбен айтқанда, ханның қылышы екеніне кез келген адам күмән келтірері сөзсіз. Сонда, шынында да, ұрпағының тәуелсіздігі үшін жан алып, жан берісіп, ерекше батырлығымен тарихта аты алтын әріппен жазылған батыр бабамыз осындай қылыш ұстаған ба деген күмәнді ойға берілесің.

Қасымбек БЕЙСЕНОВ, мұражай директоры, философия ғылымының докторы, профессор:
– Кітаптағы жазудың кейіннен қайта көшірілгені көзге ұрып тұр. Себебі 1932 жылғы тіркеу 1931 жылдың алдына түсіп кеткен. Бұл жайт қылыштың Кенесары хандыкі екендігіне күмән келтіруге итермелейді. Қылыштың өткізілген уақытынан бері қанша уақыт өтіп, нешеме басшы ауысты. Хан ұстаған қаруды бір кездері алмастырып жіберуі де мүмкін ғой. Қазіргі жәдігер тым жұпыны, қарапайым ауыл ұстасының қолынан шыққан тәрізді. Ешқандай әшекейдің ізі жоқ. Қалай дегенде де, басқаша нұсқаның болмауына байланысты, әрі сенімсіздеу болса да тіркеу ізінің сақталуы шартты түрде болса да аталмыш жәдігерді хан қылышы ретінде қабылдауға негіздейді.

Иә, бұған не айтуға болады? Көзің көрмегеннен кейін тілге ерік беру қиын. Бұл қылыштың кімге тиесілі екенін, қандай шебердің қолынан шыққанын нақты кім білсін?! Ал егер, шынында да, ұрланған болса ше? Әрине, ұсталмаған ұры емес. Дегенмен тарихқа қиянат жасауға болмайтынын, тарихқа тиесілі дүниелерге қол сұғу сорақылығы ар алдында да, заң алдында да, келер ұрпақ алдында да кешірілмесе керек-ті. Осыны ұмытпайық!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста