Мүсіншіге ескерткіш тақта орнатылды

Мүсіншіге ескерткіш тақта орнатылды

Шырайлы шығыстан шыққан тұңғыш кәсіпқой мүсінші, КСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Суретшілер одағының Семейдегі бөлімшесінің төрағасы болған, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Мұратбек Жанболатовқа Семейде ескерткіш тақта орнатылды. Тақта Семейдегі Суретшілер одағы ғимаратының қабырғасына ілінді. Жиылған жұртшылық алдымен өнертанушыны еске алып, оның рухына тағзым етті.
Бір айтарлығы, сәулетшіге арналған ескерткіш тақтаны кезінде Мәскеуде бірге оқыған, студенттік өмірді бірге өткерген достары – Суретшілер одағының мүшелері Қадірхан Кәкімов пен Мұса Сеисовтер өз қолдарымен жасап алып келіпті. Олар не­бәрі 58 жаста марқұм болған үзеңгілес досын сағынышпен еске алды. Сәулет­ші-мо­ну­менталист жайлы естеліктерін айт­ты.
Мұратбек Жанболатов Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Абай орта мектебін тамамдағаннан кейін Алматыдағы Гоголь атындағы көр­кемсурет училищесіне оқуға түседі. Араға төрт жыл салып қолына диплом алады. Бұдан соң суретші Семейдегі Абай атын­дағы Қазақ музыкалық-драма театрына жұмысқа орналасады.
Мұратбек Жанболатұлы жастайынан мүсінші болуды армандаған. Сол арманына қол жеткізу үшін В.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркем­сурет институтына оқуға түседі. Алты жыл білім алып, өзіне көптеген таныс таба­ды. Сол жылдары Ресейдің небір тума да­рын­дарынан дәріс алады. Италияның қайта өрлеу дәуірінің суретшілері мен қылқалам шеберлерінің шығармаларымен кеңінен танысады.

                        Мұратбек Жанболаттың қолынан шыққан эскиздер
Мұратбек Жанболатұлы ондаған бей­нелер мен портреттер жасап, Семей өңірін­дегі бірнеше мәдени, оқу-ағарту орында­рын көркем безендіруді ұйымдастырған. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында қаншама құнды дүниені өмірге әкеліп­ті.
Айтар болсақ, ұлы данышпан Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай ескерткішін орнатпақ ниетте жарияланған байқауда Мұратбек Жанболатұлының жобасы үздік деп таны­лады. Ол соған қоса Лермонтов, Абай мүсін­дерін сомдаған. Бөрлідегі Мұхтар Әуезовтің, Семей қаржы-экономикалық колледжіндегі атақты қаржыгер Рымбек Байсейітовтің ескерткіші – Мұратбек Жан­болатовтың қолынан шыққан туын­дылар. Семей мемлекеттік университетіне Шәкә­рім аты берілген кезде данышпан Шәкәрім­нің тұлғасын сомдауға барынша үлес қосып, зор құлшыныс танытады. Соған қоса Семейдің орталығында тұрған Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарға арнап орнатылған ескерткіш те – Мұратбек Жан­болатовтың қолының табы қалған бірегей туынды.
Тіпті Халық Қаһарманы Қайрат Рыс­құлбековтің өр тұлғасын жасау үшін мүсін­ші оның өлеңдерін көп оқып, образын іздейді.
Тағы бір айтарлығы, ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында мүсінші киелі Семей жерінен сонау Абай топыра­ғына дейінгі аралықта орнатылуы тиіс 23 ескерткіштің эскизін жасаған екен. Олар­дың арасында М.Әуезовтің «Қорғансыз­дың күні» әңгімесіндегі кейіпкер Ғазизаға, қазақтың тұңғыш спектаклі «Еңлік-Кебек» қойылған жерге, Ордада Абай мен Әй­ге­рім­нің кездескен жеріне т.б. арналған көп­теген эскиз­ бар. Егер осы туындылардың барлығы жүзеге асқанда, Семей мен Абай елінің арасы туристерге толы болар ма еді?..
Жиылған ағайын Мұратбекті осылай еске алды. Оның жарқын бейнесін келешек ұрпақ жадынан өшірмеу үшін осындай ескерткіш тақта орнатудың маңызы зор екенін айтты.
Алматыдан әдейілеп келген достары Семейден Мұратбектің атына бір көше берілсе деген ұсыныстарын білдірді. Ал ел ағасы Нәсен Сембаев Семей қаласында мұражай жоқ емес, дегенмен өнер мұра­жайы кенже қалғанын тілге тиек ете келе, Мұратбек Жанболатовтың атына осындай мұражай ашылса деген тілегін жеткізді. Салтанатты шарадан соң жиылған қауым Суретшілер одағындағы мүсіншінің мол мұраларымен танысты.
«Ғалымның хаты өлмейді» деген рас-ау. Мұратбек Жанболатов 60-қа жетпей өмірден ерте озып кетті. Бірақ өзі марқұм болғанымен, оның қолынан шыққан бірегей туындылары халық мақтанышына айнал­ды. Біртуар азаматтың қолының табы қал­ған қайталанбас туындыларына артындағы ұрпағы лайықты бағасын бере жатар.

Ерлан СЫДЫҚОВ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, академик:
– Мұратбекпен сырлас болдым десем, артық айтпаспын. 1997 жыл­ы университетке Шәкәрім есімі берілгенде, қатты қуанғанымыз бар. Дегенмен «осыны қалай айшықтап, қалай сыртқа көрсеткеніміз жөн?» деген сұрақ туын­дады. Осы кездері Мұратбек жанымнан табылды. Бірге ойланатынбыз. Сол кезде ол Шәкәрімнің өр тұлғасын жарыққа шығару бұрыннан келе жатқан арманы екенін айтып қалды. Бүгінде бұл ескерткіш – кәсіби мамандар тара­пынан үлкен бағаға ие болып отырған еңбек. Атақты алу  оңай, сол атақты ары қарай алып жүру қиын. Олай болса, өткен ғасырда Алаш арыстары өздерінің істерімен Семейге алып берген мәдени-рухани орталық деген атақты алып жүру бізге өте қиынға соққан болатын. Соңғы кезде сол атақты ары қарай дәлелдеп жүрген бір азамат болса, ол Мұратбек еді. Сондықтан да біз қандай дарын иесін жоғалт­қа­ны­мызды әрқашан біліп жүруіміз керек.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста