«Мұхтар мұрасы – адамзат байлығы»

«Мұхтар мұрасы – адамзат байлығы»

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 115 жылдығына орай республикалық Абай қорық-мұражайы мен Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен «Мұхтар мұрасы – адамзат байлығы» атты қалалық шығармашылық байқауы өтті. Жазушы ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталған шараның тағылымды сәттері көп болды. Оған Әуезов өмірін зерттеушілер, ұстаздар және мектеп оқушылары қатысты.


Семей қалалық мәдениет және тіл­дер­ді дамыту бөлімі бастығының орын­басары Берік Көпбаев Мұхтар Әуезовтің туған күні қаламызда жыл сайын аталып өті­летіндігін, дегенмен биылғы жыл жа­зушы үшін де, се­мейліктер үшін де ерек­ше мерейлі екен­дігін атап өтті. Дәл осы күні қаламыздағы кітапханаларда, бір­қатар мәдениет ошақ­тарында Әуезов мұ­расын кеңінен қамтыған шаралар жал­ғасып жатты. Ал Абайдың мем­ле­кеттік тарихи-мәдени және әдеби-ме­мориалдық мұражайында шы­мыл­дығын аш­қан «Мұхтар мұрасы – адамзат ба­й­­лығы» атты байқау өте жоғары дең­гейде өтті. Әуезов шығармаларынан үзін­ді­­лерді мәнерлеп оқу, ақындар мү­шәй­ра­сы, суретшілер сайысына қатыс­қан­дардың әр­қайсысының ұлы жазушы мұрасын, шы­ғар­маларын қаншалықты білетіндігіне кеңінен мән берілді.
Байқау басталар алдында сөз алған Абай мұражайының директоры Жандос Ма­ғазбекұлы Мұхтар Әуезовтің қазақ жә­не әлем әдебиетінде алатын орын ерек­ше­лігін қысқаша баяндай келіп, ашылғанына ши­рек ғасырдың жүзі болған Бөрілідегі жа­зушы мұражайының қазіргі хал-күйінен, оның құжаттық рә­сім­делуінің толықтай бір жүйеге түс­кен­дігінен, Абай мұражайы ұжымының ұйым­дастыруымен жүзеге асқан жұ­мыстар барысынан кеңінен хабардар етті. Мұхтар мұрасына деген құрметті ай­қындайтын тағы бір жайт, Қы­зыл­ор­дадан арнайы келген мейман Абат Жол­дасова көркемсөз оқу шеберлері бай­қауына төрелік етті. Сыр елінде Әуезов шы­ғармаларын оқырман жүрегіне жеткізе насихаттап жүрген ғалымды көрермен қауым да жылы қарсы алды. 
Байқау жеңімпаздары үш аталым бо­йынша анықталды.  Мәнерлеп оқу  са­йы­сын­да 1-орын Ә.Қайроллаевқа, 2-орын Ж.Дүйсенбаева мен Б.Қа­на­фиянова, 3-орын А.Тоқсанова мен Д.Қар­жықоваға берілді. Ал Қарагөз об­разын сомдаудағы ізденістері үшін Құ­ра­лай Семізбаева бас жүлде иесі атанды. Ақындар мүшәй­ра­сында Айқын Жұмабек пен Біржан Ахметов ІІІ орындарды бөліссе, ІІ орынға Сәтжан Кә­ріпбаев пен Әмина Нұрпейісова кө­терілді. Жыр сайысындағы І орынды Шә­кәрім атындағы СМУ студенті Рүстем Мұхамедрақым, ал бас жүлдені Семей педа­гогикалық институтының студенті Ба­уыр­жан Игіліков иеленді. Қылқалам ше­бер­лерінің байқауында Арлан Иса­беков – ІІІ, Ермек Нұрымбаев ІІ орын жүл­дегері атанды. Ал Айнұр Әділханова 1 орынды иеленсе, бас жүлде жас талант Жан­дос Қа­па­новтың еншісіне бұйырды.
Жүл­­де­гер­лердің барлығы да бағалы сый­лық­тармен марапатталды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста