Мұхтар Шахановтың туған әпкесі «Қарттар үйінде» тұрады…

Мұхтар Шахановтың туған әпкесі «Қарттар үйінде» тұрады…

 Қазақтың біртуар дарынды ұлы Мұхтар Шаханұлының туған әпкесі 98 жастағы Ізет Шахан қызы Шымкент қаласында тұрады. Әлі де тың, тілге шешен апамыздың әзілқой, уытты сөздерімен халықты таныстырғымыз келді.

Қасқасуға ағайыншылап, қыдырып, Алыстан қонақтар келеді. Бұл ауылда ақын Мұхтар Шахановтың туған әпкесі Ізет апа тұратынын естіген Мұхтардың өлеңін жатқа оқитын біреуі:

– Ізет апаның қолын алып, амандасып шығайық – деп қолқа салса, бәрі құп көріпті. Ізет апа үлкен ұлы Аманбайдың үйінде жүр екен.

Қонақтар үйге кіріп, амандасып, шәй ішіп, әңгіме-дүкен құрып отырғанда қонақтың бірі:

– Апа, кімнің үйінде тұрасыз? – деп тосыннан сұрақ қояды.

– Қарттар үйінде тұрамын – дейді қу тілді апа. Қонақтар аңырап, түсінбей үн-түнсіз қалады.

– Үлкен ұлым жетпістен асты, келінім жетпіске келді. Екеуі де шал мен кемпір, таяқ сүйеніп жүреді. Мен де таяқ сүйеніп оларға қосылғанда, қарттар үйі болмағанда несі қалды? ! – деп бір күлдірген екен.

***

Менің жасымды бермесін. . .

Ізет апа қалампыр деген қызының үйінде отырса, ауылдың қатын-қалаштары жиылып қалады.

Ас ішіп тарқар кезінде:

– Апа, бізге сіздің жасыңызды берсін! Cіздің жасыңызға жету біз үшін арман, бақыт ғой – дейді бәрі бірауыздан шулап.

– Менің жасыма жетсең жетісерсің – деп апа дүңк еткізеді. Шулап тұрғандар жым болады.

Бәріне бағдарлап, бір қарап алады да:

– Менің жасымды бермей-ақ қойсын. Тұрсам отыра алмаймын, отырсам тұра алмаймын. Төрт аяқтап жүргеннің несі жақсы? – депті ашы Мысқылмен.

***

Оттай береді. . .

Бір жиында қонақ болып келген Ізет апаға:

– Әже, жүзге келіңіз, шөпшек көріңіз, бақытты болыңыз – деп үй иесі алғысын білдіріп жатады.

Сонда Ізет апа: – Мұндай тілегіңе маған қарайтын келіннің не айтқысы келетінін естігің келе ме?

– Иә, депті үй иесі.

– Ессіз қалғыр, өздері бақпайтын болғасын оттай береді екен-ау дейді ол – Деп жеңіл жымиыпты апамыз.

***

Кімге бердің. . .

Ізет апа немере келінін түсіріп, той өтеді. Екі жақ бір-біріне қалың малын тапсырып, китін бөлісіп, кәкір-шүкір тауарларын алмасып, қыздың төркінінен келгендер қоштасып жатады.

Ізет апаға қыздың шешесі:

– Ал, құдағи, деніңіз сау болып, жастардың алдында қарайып жүре беріңіз. Қызымды тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай мәпелеп, қағып, бағып өсірдім. Қызымды қызыңыздай көріңіз, сізге тапсырдым – депті.

– Құдағи, қызыңды маған несіне тапсырасың? Жасым сексен алтыда – депті апа. Сасып қалған құдағиды қызарып кетеді.

– Қызыңды кімге бердің, соған тапсыр – деп жұртты бір күлдіріпті.

Ел аузынан жинаған: Тоғайбай Нұрмұрат ұлы

«Егемен Қазақстан» газеті

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста