МузАрттың" маған тигізген зияны бар - Мейрамбек Бесбаев

МузАрттың" маған тигізген зияны бар - Мейрамбек Бесбаев

Қазақстан эстрадасында 20 жылдан астам ғұмыры бар "МузАрттың" көпшілік біле бермейтін құпиясы көп. Аталған ұжымдағы әншілер кезінде атағы аспандап, елдің сүйіспеншілігіне бөленгенімен, топта ән салудың кемшін тұстары да бар екен. Бұл жайында Мейрамбек Бесбаев "Жақсы адамдарым" бағдарламасында ашық айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Қыдырәлі мен Қарақат жүргізетін тележобаның кезекті бөлімі "МузАрт" тобына арналыпты. Дәл осы бағдарламада бүкіл сырын ақтарған Мейрамбек Бесбаев топтың жетістігіне қуанғанымен, "МузАрттың" өзіне тигізген зияны туралы да айта кеткен.

 

"Мына жерде бір жарым сағат отырып, бір-бірімізді мақтағаннан ештеңе шықпайды. "МузАрттың" маған бір тигізген зияны бар. Кейде жеке өзімді тойларға шақырады. Менде әндердің сөзін жаттау, есте сақтау қабілетім өте нашар. Ол неге десем, "Музартта" әннің әбден бір-ақ шумағын ғана жаттап үйреніппін. Бірінші тармағын мен айтамын, соны ғана жаттап аламын, ары қарай жігіттер алып кетеді. Топтың сондай бір зияны бар енді", — деді Мейрамбек Бесбаев.

 

 

Алғашқыда трио ретінде құрылған "МузАрт" кейін ансамблге айналды. Бүгінде бұл топта 10 музыкант еңбек етеді. Осы орайда Сәкен Майғазиев ұжыммен жұмыс істеудің қаншалықты қиын екенін де айтты.

 

"Бір әке, бір шешеден туған ағайындардың өзі кейде тіл табыса алмайтын заманда әр өңірден, әртүрлі ортадан келген, әртүрлі табиғат, мінезі, болмысы бар адамдарды бір арнаға тоғыстыру өте қиын. Біздің ұжымда біреуі ашуланса, екіншісі қоя салады. Бізде жеке өмірімізге, отбасымызға, қандай да бір дүниеге байланысты кикілжің туындамапты. Бір нәрсеге келіспей қалу тек музыканың айналасында ғана болған екен. Біз соған қуанамыз", — деді Сәкен Майғазиев.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста