«Мынау да әнші боп кеткен бе?»: Мәди Рымбаев жағымсыз пікір иелерін орнына қойды (ВИДЕО)
Мәди Рымбаев өзіне жазылған жағымсыз пікірлерді талқыға салып, оларға ұтымды жауап қайтарды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жас әнші Youtube арнасындағы TalkLike жобасында жан сырын ақтарды. Оның айтуынша, тыңдармандардың көбі оны Роза Қуанышқызының ұлы және Әли Оқаповтың інісі ретінде көреді екен. Осы орайда, бағдарламаны пайдалана отырып, Мәди оларға жауап беруді жөн көрді.
«Анасы мен ағасының арқасында өнерде жүр»
«Отбасым - өнер адамдары және менде кәсіби музыкантпын. Музыкалық мектепті бітірдім, алған мамандығым - пианист-педагог. Өнерде жүруге құқығым бар деп ойлаймын. Халыққа ұнамаса да, жазса да, жаза берсін. Ол да бір танымалдылықтың аспекті деп айтсақ болады».
«Мынау да әнші болып кеткен бе?»
«Жас музыканттар көп. Қуанышқа орай, жастардың көбісі сапалы музыканы жасайды. Бір уақытта жас көп әнші шығып кетті. Және менің де албомым шықты. Сол үшін осындай сұрақтар көп», - деп ол миға қонымсыз пікірлердің нүктесін қойды.
Сұхбат кезінде Мәди тек желі қолданушыларына жауап беріп қана қоймай, өзінің тегіне қатысты мәселенің ақ-қарасын ажыратты.
"Жоқ, ауыстырмаймын. Өйткені Әли әкеміздің тегін алдыға шығарады, ал мен анам сахнадан кеткеннен кейін халыққа шығарамын, жалғастырамын", - деп жауап берді Рымбаев.