Нағима Есентаева атышулы Баянның оқиғасындағы өтірік туралы ашық айтты

Нағима Есентаева атышулы Баянның оқиғасындағы өтірік туралы ашық айтты

Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима былтыр маусым айында орын алған атышулы оқиғаға қатысты таралып кеткен ақпараттың жалған екенін айтып, наразылығын білдірді. Ол журналистер таратқан деректердің "Баянның айтуымен жазылғанына" ренжіді деп хабарлайды Nur.kz тілшісі.

Өз наразылығын ол Instagram парақшасына жазды.

"Ағатайымның басынан дау кетпеді ғой. Жүрегім тілім-тілім болуда, бүгінгі жаңалықтарды естігенде. Журналистерге айтарым: неге Баянның айтуымен жазасыздар, әділдік қайда? Айтатын болсаңыздар неге істің анық-қанығын біліп барып жазып айтпайсыздар?

Сіздердің айтқандарыңызға халық сенеді. Бір жерінен салынған пышақты сіздер бірнеше жерінен пышақтаған дегенмен қоймай, тиран деп айтудасыздар. Пышақ бір жерінен салынғаны бүкіл тергеу істерінің бәрінде анық жазылған. Соның бәріне анық көздеріңізді жеткізіп барып, біржақты етіп қана жазбауларыңызды сұраймын.

Ал Баян туралы айтатын жаңалықтарыңызға ағатайымды қоспауларыңызды сұраймын. Бақытбек ешкімді кінәламай, ашумен істеген ісінің жазасын артығымен алып, ешкімге ештеңе айтпай-ақ тыныш отыр. Өйткені біз жалықтық бұл бітпейтін шудан", - деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары болса оның бұл пікіріне қатысты түрлі ойларын ашық жазды. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста