Нағима Есқалиева таяқтың астына алатын күйеуінен қалай құтылғанын айтып берді
Танымал әнші Нағима Есқалиева өзінің жеке өміріне қатысты бірқатар шындықтың басын ашты деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы әнші http://31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтты.
Ол өзінің ұлының әкесімен қарым-қатынасы қалай болғанын ашып айтып, екінші күйеуінен көрген қорлықтарын жасырмады.
"Егер сен экраннан түспейтін адам болсаң, онда күйеуіңнен қорлық көру - бұл шынымен де қорқынышты. Мен екінші күйеуімнен таяқ жеген кездерім болды. Мұндай күйеуге шыққаныма әлі күнге дейін өз-өзімді кешірмей келемін.
Бұл өте сорақы әрі төмен нәрсе. Бір күні 10 жасар ұлым Диас келіп, Мама, мұндай күеуді қайдан тауып алдың? деп сұрады. Сонда менің есімді бір-ақ жидым.
Өз-өзімді жинақтап алдым да, онымен бірге тұрмауға шештім. Әйелдерге айтарым, мұндай күйеуден қашыңдар", - деген ол тұрмыстық қорлықтың түбі жақсылыққа апармайтынын ескертті.