Нарқобыздың «Нар толғауы» тербетті

Нарқобыздың «Нар толғауы» тербетті

Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консервато­рия­сында «Нар толғау» атты тұңғыш рет нар қобыз аспабына арналған концерт ұйымдастырылды. Шара шымылдығы атаулы оқу орнының қылқобызшылар ансамблінің орындауында «қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым» деп жырлаған Қорқыттың «Қорқыт» күйімен түрілді. Күңіренген сан қобыздың үні жұртшылықтың тұла бойын шымырлатып, өзінің тылсым әлеміне қарай жетеледі. Бұдан соң концертті ұйымдастырушы қазақтың талантты жас қобызшысы Мақсат Медеубек нарқобыз тарихына тоқталып, шағын баяндама жасады.
 «Әйгілі өнер зерттеушісі, қазақтың көптеген ұлттық аспаптарын тірілткен Болат Сарыбаев нарқобызды да «қатар­ға қосты». Өкінішке қарай, мүлде қол­да­ныс­тан қалған немесе насихатталмай, жетілдірілмеген саз аспаптарымыз жеткі­лікті. Олар бұға­шық, мүйіз сырнай, қамыс сырнай, қос сырнай, нар­қобыз, тастауық, үскірік, қурай ысқыры­ғы, ысқы­рық, ұран, керней, кепшік, шың­дауыл және тағы басқалар. Нарқо­быз­дың қазақ даласында көптеп кездескені жөнінде тарихи деректер өте мол» дейді Құрманғазы атындағы консерватория­ның магистранты Мақсат Медеубек.
«Тұран» этнотобының «Аңшылық» ком­позициясы жиналған жұртты бей-жай қал­дырмады. Нар қобыздан шыққан бөрінің айбаты мен айбарлы дауысы көпке дейін құлақ түбінен кет­педі. Осы кеште Бабек Илдырымлы, Берік Жайлаубаев, Әйгерім Қарсақ­баева, Бейбіт Дәленбаевтей студент жастардың орындауында Қорқыттың сара жолын дамытып, қазақ даласында өзінше үлкен мектеп қалыптастырған Ықылас Дү­кенұлының «Ерден», «Жал­ғыз аяқ», «Жез­киік», «Шыңырау», «Қа­зан», «Мұңлық-За­р­лық» тәрізді күйлері ел жүрегіне жол тартты. Ықыластың «Айрауықтың ащы күйін» зар­латқан белгілі де бірегей қобызшы Саян Ақмолда көпшілік ықыласына бөленді. Мектеп қабырғасында оқыса да, Олжас Құрманбектің қобызда ойнау шеберлігін жақсы меңгергендігін бажайлаған білікті ұстаздар жоғары бағалады. Кеш қонақтары жазушы Дулат Исабеков пен өнертанушы Жарқын Шәкәрім жас таланттарға өнерде сәттілік тіледі.
Қазақтың қанында бар қобыз үні көкке самғаған бұл кеште келмеске кеткен бақсылық сарынның да елесі қылаң берді. Жан дерті мен тән дертіне шипа болар бақсылық ұғым нарқобыз шанағынан күй болып төгіліп жатты.
Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург, «Мәдениет» журналының бас редакторы:
– «Тұран» этнотобының өнеріне мен қатты разы болдым. Әулекі әуен­ге әуестенбей, «Екі жұлдыздың» бірі болам деп экранға бей-берекет ұмтылмай, жастардың ескі заман­дар­дан келе жат­қан қазақтың төл өнерін интерпре­тация жасап, бүгінге жеткізіп отырғаны қуан­тады. Көп концерттерге барғанда даң­ғаза му­зы­кадан денеме қотыр шығып кетуші еді. Ән мен әуенді бұзып айтып жатады. Ал мына өнерлі жастар­дың шығармашылығы мені таңғал­дыр­ды. Арасында мектеп оқушыла­ры да бар екен.

Жарқын ШӘКӘРІМ, өнертанушы:
– Қазақта дәл қазір жүзге тарта ансамбль бар, бірақ солардың бәрі­нің ішінде «Тұранның» орны бөлек. 1968 жы­лы өнер зерттеуші, ғалым Болат Сарыбаев тұңғыш рет қазақтың фольк­лорлық ансамблін ұйымдас­тырды. Мына «Нар тол­ғау» концер­тін­де отырып, Болат ағамның ерен еңбегі есіме түсті. Жетіген мен сазген аспабының жаңа­дан табыл­ған тұсы еді ол. Болат Сарыбаевтың жұмы­сын қолдап, қол ұшын созған қоғам қай­рат­кері Өзбекәлі Жәнібе­ков болатын. Бүгінгі жас өнерпаз­дар­­дың ізденісіне сүйсініп, ынта-ықы­ласта­рына разы болдық. Мақсат балам керемет қо­быз­шы ғой, орындаған күйлері ма­ған қатты ұнады.


•Талғам                                                                                                          
Мақсат МЕДЕУБЕК, қобызшы:


Нарқобыз батырлардың рухын көтеріп, жігерлендірген
– Мақсат, өздеріңіз ұйымдастырып отыр­ған «Нар толғау» концертінің мақсаты қандай, ерекшелігі неде?
– Қазақта арнайы нарқобыздан концерт бұрын-соңды болмаған десем, артық айтқаным емес. Баяғы жаугершілік замандарда нарқобыз­бен жыр жырлап, соғыс алдында батырлардың рухын көтеріп, жігерлендіріп соғысқа дайын­даған. Ұран, дабыл, мүйіз сырнайлармен қа­тар, нарқобызды да жауды ұрысқа шақыру мақсатында пайдаланған. Нарқобыз – қобыз аспаптарының ішіндегі ең үлкені. Бақсылардың ұстаған қобыздарының пішіні үлкен екенін айғақтайтын деректер баршылық. Белгілі ағаш ұстасы, профессор Жолаушы Тұрдығұловтың жетекшілігімен Талғат Жанасыловқа нарқобыз жасаттық. Нарқобызды жұрттың сирек пайда­лануының сыры – құлақ күйін дұрыс келтіре білмеуі деп ойлаймын. Нарқобыздың құлақ күйі қылқобыздікінен өзгеше екенін анықтап, аспапты жаңғыртуға өз тарапымыздан үлесіміз­ді қостық. Ұйымдастырып отырған шарамыздың ең басты мақсаты нарқобызды көпшілік қауымға таныстыру болып табылады. Сондай-ақ нарқобызды ансамбль құрамында ғана емес, жеке аспап ретінде сахнаға ойнап шығуға болатындығын көрсетуді мұрат тұттық.
– Қобыз аспабының белгілі бір стандарт­тық өлшемін қалыптастыруға қалай қарайсыз?
– Біз нарқобызды жасатқанда шеберлерге күйшілер мен өнертанушылардың кеңесіне сүйендік. Қазіргі нарқобызымыздың ұзындығы бір метр болды. Дауысы жуан шығу үшін шана­ғы да үлкен болуы тиіс. Музыкалық аспаптың ұстауға икемді болғанын қаладық. Бұрын әр бақсы, әр жыршы өзінің талғамына, дауысына қарай қобыз жасап алатындығын ұмытпаған ләзім.
– Осы күні қобыздың насихаты қай дең­гейде?
– Кезінде қобыздан Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаев қана ұстаздық етсе, осы республика көлемінде жүзден астам кәсіби қобызшылар дәріс береді екен. Осы өнерге шексіз берілген екі тұлғаның шәкірттерінің өзі Қазақстанның түкпір-түкпірінен табылады. Бұрын қобызды «скрипка ма?» деп сұрайтындар болатын. Соңғы кездері ондай оғаш сұрақ қою­шы­ларды кездестірмедік. Қылқобыз аспабы эстрадамен де, дәстүрлі үлгіде де жақсы наси­хат­талуда.
– Домбы­рада орын­да­латын күйлер­дің қоры 7-8 мың шама­сында көрінеді. Ал қобыз ас­па­бымен тарты­латын күйлер­дің қоры қан­ша­лықты көп?
– Қорқыт­тың, Ықыластың шығармаларын қосқанда, таза дәстүрлі күйле­ріміз саусақпен санарлық қана. Әр күйдің әр­түр­лі нұсқасы бола­ды. Халық әнде­рі мен халық ком­по­зитор­ла­ры­ның шығар­ма­ларын күйге айналдырып та орындап жүрген жайымыз бар. Сонымен қатар Ақтоты Райым­құлова, Қуат Шілдебаев сынды композиторлар қылқобызға арнап күйлер шығаруда. Домбыра­да орында­латын шертпе күйлер қобыз табиға­тына жақын келеді. Тәттімбет, Сүгір сияқты күйшілердің шығарма­шылығы қобызбен тарты­лып жүр.
– Ел ішінде бақсылық пен қобыз жайын­да тараған аңыздар көп. Сондай аңыздар желісімен музыкалық көрініс қою ойда бар ма?
– Әлбетте. «Тұран» ансамблінде «Бақсы» деген композиция бар. Тілеп бақсының «Бақсы» деген күйі негізінде сахналық көрініс өрбиді. Онда бақсы биі биленіп, әлдебір тылсым күштермен текетірес сәті бейнеленеді.
– Бүгінгі таңда қобыз көмегімен жан дүниені тазартып, адамдарды емдеу мүмкін деп есептейсіз бе?
– Иә, ол мүмкін. Қобыз арқылы кішігірім тұмау сияқты дерттен айығып кеткен адамдарды білемін. Қобыз түгіл, кез келген қазақтың ұлт­тық аспабының адамның бойына энергетикалық күш-қуат беретін қасиеті бар ғой.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста