Назарда – «Абай әлемі»

Назарда – «Абай әлемі»

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориал­дық қорық-мұражайының қоры­нан «Е.Сидоркиннің шығар­машылығындағы Абай әлемі» көрмесі өтуде.
Аталған көрме Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында ұлы ақынның 165 жылдығына және мұражайдың 70 жыл­дығына орай ұйымдастырылған болатын. Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының өкіл­дері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, зиялы қауым, студент жастар қатысты.
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұра­жайының басшысы Жандос Мағазбек-­ ұ­лының айтуынша, Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Е.М.Сидоркиннің туынды­ларының топтамасы мұндай көлемде бірін­ші рет ұсынылып отыр.
Көрменің ашылу салтанатында Өнер мұражайының директоры Нұржази Қа­лие­ва мұражайлар арасындағы жобалар  заман талабы екендігі жайында сөз етсе, ал Абайдың қорық-мұражайының дирек­торы Жандос Әубәкір өз сөзінде ұлы ақын­ның мұражайының қысқаша тарихына тоқ­тала келе, бүгінде атқарып жатқан жұмыс­тары жайлы баяндады.
Абай мұражайының ғылыми қорында суретшілердің Абай тақырыбына бай­ла­нысты 600-ден астам туындылары жинас­тырылған. Солардың ішінде саны жағынан басымы – график-суретші Е.М.Сидор­киннің жұмыстары.
Жандос ӘУБӘКІР, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент:
– Ұйымдастырылып отырған көр­меде Е.М.Сидоркиннің 35 графи­калық жұмысы – М.Әуезовтің «Абай жолы» романына жасаған иллюстра­циялары ұсынылып отыр. Бұл кітапқа суретші екі мәрте,  алғашында – 1960 жылы линог­равюралық, он жылдан ке­йін «Дүние­жүзілік әдебиет кітапханасы» автолито­графиялық топтамасы үшін оралды. Ал 1971 жылы Абай мұра­жайы­ның экспо­зи­циясына арналған 11 графикалық туындылар салған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста