"Немере туып берсе болды": Қайрат Нұртастың әкесі қандай келін керектігін айтты
Екі ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасаған Нұртас және Гүлзира Айдарбековтер енді кенже баланың келін әкелгенін күтіп жүр. "Қашан үйленесің?" деген сауал Заңғар Нұртасқа күнде жолданады. Алайда сері жігіт әзірге басының бос екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz.
Жүрегінің жартысын таппаған Заңғар күдер үзсе керек, келін таңдау мәселесін анасы Гүлзира Үсенқызына тапсырыпты. Бұл туралы Заңғар екінші жеңгесі Әйгерімнің сауалына жауап беру кезінде айтты.
"Анама тапсырып қойдым. Іздестіріп жатыр", - деді ол.
Ал Нұртас Айдарбеков өзіне қандай келін керектігін айтты. Гүлзира Айдарбекова Қайрат пен Жұлдыздың ажырасуына қатысты шындықты айтты. "Маған бәрібір. Немере туып берсе болды. Шайымды өзім-ақ қойып ішемін. Басымды қатырмай, Заңғар, әкелетініңді тезірек әкелші. Саған ұнау керек қой, менің қатысым қанша? Маған ұнай береді, бәрі ұнай береді.", - дейді Айдарбеков.
Заңғар өз сөзінде әкелген қыздардың анасына ұнамайтынын айтып қалды.