Нұрлан Еспанов әніне мәтін жазған авторды билетті (видео)
Әнші-сазгер Нұрлан Еспанов тойға арнап “Оппа, билейікші, асса” деп аталатын ән жазыпты. Ол әнін тойда айтып та үлгеріпті. Нұрекең өзінің Instagram парақшасына сол тойдағы видеоны жариялапты.
Бұл әнді естіген тыңдармандардың біразы "жарайсың Нұреке, өте көңілді, нағыз тойды әні екен" деп мақтап та жатыр. Алайда "ана мен әкеге арнап дұрыс ән жазылмайтын болды. Ақша табу үшін жеңіл-желпі ән жаза беретін болды" деп өкпе айтушылар да бар. Ал енді біреулер "Еспановтың әндері тез естен шығады, өйткені барлық әндері бір-біріне ұқсайтын, жүреккке жетпейтін әндер" деп сазгерді сынап та алыпты.
Ең бастысы, Еспановтың жаңа туындысы сол әнге мәтін жазған авторға қатты ұнаған секілді. Ал Нұрлан Еспановқа ән мәтіні автрының биі қатты ұнапты. Ол өз парақшасында, тойда жаңа әнге билеп жүрген жігіттің мәтін авторы екенін айтып, биіне "керемет" деген баға беріпті.
Биді қайдам, әнге баға беру енді сіздердің еншілеріңізде.