Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ауылында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды

Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ауылында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды

2017 жылғы 1 желтоқсанда Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды. Шара Алматы облысының әкімшілігі және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Орталық Елбасының кіші Отанында құрылды. Оның мақсаты - қазақстандықтар арасында Елбасының шығармашылық және саяси жолын кеңінен тарату, сондай-ақ Президенттің өмірі мен қызметінің айшықты үлгілері негізінде жастардың патриоттық тәрбиесін күшейту болып табылады.

«Атамекен» тарихи-мәдени орталығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Кітапханасы, Тұңғыш Президенттің Музейі, Президент Іс басқармасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Шамалған ауылының мектеп-музейі, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі және М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі берген құжаттар, кітаптар, фотоматериалдар және басқа экспонаттар жиналған.

Жаңа орталықта хронологиялық ретпен орналастырылған Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметінің, Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес келетін экспонаттар орталыққа келушілерге қазақстандық мемлекеттіліктің қайта жаңғыруы процесіндегі, экономикадағы және әлеуеметтік саладағы, тарихи дамудағы түбегейлі терең өзгерістер өткізудегі және Қазақстанның ХХ және ХХІ ғасырлар шеңберінде халықаралық беделінің нығаюындағы Елбасының ауқымды үлесін, рөлі мен еңбегін көзбе-көз бағалау мүмкіндігін тудырады.
Бірінші залда болашақ мемлекет Басшысының балалық және жасөспірім жылдарына, еңбек жолының басталуына арналған экспозиция орналасқан.

Екінші залдың экспонаттары Елбасының одақтық республика басшысы қызметтерін атқарған және тәуелсіз Қазақстанның бүкіл халқы Тұңғыш Президент етіп сайлаған кезеңдерге жатады.

«Атамекен» орталығының үшінші залы Елбасының басшылығымен іске асырылған ауқымды қайта құруларға, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ширек ғасырындағы даму қорытындыларына арналған. Сондай-ақ мұнда Н.Ә. Назарбаевтың туған ауылы Шамалғанға әр жылдары барған сәттері туралы фотоматериалдар да бар.

Төртінші залда Елбасының сыртқы саясаттық қызметі – Астанада өткізілген саммиттер және ЭКСПО-2017 қоса алғандағы ірі халықаралық шаралар, Қазақтардың Бүкіләлемдік құрылтайы, шетелдердің мемлекет және үкімет басшыларының ресми келген сапарлары туралы материалдар орналастырылған.

Елбасына шетелдік көшбасшылар тарту еткен хаттамалық сыйлықтар үлкен қызығушылық тудырады.

«Атамекен» орталығында Президент еңбектерінің, сондай-ақ түрлі авторлар жазған Елбасының жолы туралы кітаптардың үлкен топтамасы жинақталған.

Орталыққа кіреберісте Қазақстан Республикасы картасының аясында танымал мүсінші Шамиль Қожаханов орындаған қола композиция орналастырылған.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры ерекше сый – мемлекет Басшысы пайдаланған үкіметтік автомобильді тарту етті.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев: «Біз бүгін тарихи мәні бар үлкен оқиғаға куә болудамыз. Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін елеулі болып табылады, өйткені Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қарқынды әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бар мемлекеттің бірегей үлгісін жасаған заманымыздың танымал мемлекеттік және саяси қайраткері. Елбасы секілді тарихи тұлға біздің жастарымыз теңелуге тырысып, өздері үшін дұрыс бағдар белгілеуі, еліктеу үшін айшықты үлгі болып табылады, ал оның идеялары мен еңбегінің жемісі халық игілігіне айналуға тиіс», - атап өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының баспасөз қызметі


 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста