Нұржан Керменбаев Жанарға: «Маған босқа жала жаппасын» (видео)
Нұржан Керменбаевтың ойынша, Жанар Хамитова оны айыптай келе, халық алдында өзін «сүттен ақ, судан таза» етіп көрсеткісі келген екен.
Жанар Хамитова шамамен екі ай бұрын КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келіп, Нұржан Керменбаев екеуінің арасындағы жағдайды айтып, мұңын шаққан болатын. Алайда Нұржан ақпараттың жалғандығын «Гәкку» арнасына берген сұхбатында ашып берді. Ол Жанардың өзіне тікелей қатысты сөздерін жоққа шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, Жанар өз сұхбатында: «Нұржан қомақты қаржыны жымқырып, "лақтырып кетті" дегеп айтқан болатын.
"Әрине өтірік, Алла сақтасын. Мен ол кісіден ешқашан ақша алған емеспін. Естуім бойынша, 60 мың доллар алды деген бір жалған ақпарат беріпті", - деді ол.
Сондай-ақ, Нұржан осы уақытқа дейін не үшін үндемей келгенін де айта кетті.
"Ақталудың жөнін көріп тұрған жоқпын. Ақиқат айдан анық болып көрініп тұрады ғой. Менің қазір отбасым бар, екі ұлым, келіншегім бар. Отбасымның берекесін ойлап жүрген адаммын. Сол себепті берекем қашпаса екен деген ниеттемін", - деді жұлдыз.
Нұржан Керменбаевтың ойынша, Жанар Хамитова оны айыптай келе, халық алдында өзін «сүттен ақ, судан таза» етіп көрсеткісі келген екен.
"Оның не үшін олай айтып жүргенін білмеймін. Хайп іздеп жүрген болар. Мүмкін елдің алдында сөйтіп абыройын көтеремін деп ойлады ма екен.
Қазір елді алдай алмайсың. Ғаламтор бар. Ортақ араласатын адамдарымыз бар. Солардан сұраса болады", - деді Нұржан.
Сонымен қатар, әнші ата-анасына, отбасына тіл тигізбей, абайлап сөйлеуін өтінді.
"Ол тақырыпты қозғамай-ақ қойсын. Оның өзінің де, менің де ата-анам туралы сөз қозғағаны жайлы мен де біраз ақпарат ашып бере аламын. Сондықтан ер басыммен ол парақтарды ақтарғым келмейді.
Жанардың сөзіне қарап, маған ол туралы әңгіме айту жиіркенішті. Маған босқа жала жаппай-ақ қойсын. Ата-анама тіл тигізбесін. Өзінің ата-анасымен қарым-қатынасын түзеп алсын", - деп тура айтты Керменбаев.