О.Бөкей атындағы байқау өтеді
– Бүгін Алматы қаласында Қазақстан халқы тілдерінің XVІ республикалық фестивалі аясында көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ республикалық байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру.
Байқауға қатысушылар Оралхан Бөкей шығармаларынан басқа елімізге белгілі, сөз өнеріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға сала алады.
Жазушы, драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкей Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында 1943 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келді.
Ол 17 мамыр 1993 жылы Үндістан астанасы Дели қаласында қайтыс болды. Алматыда жерленген.
Айта өтейік, аталған байқау Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтеді.