«Ойнаның» отауы – бір бөлмеде

«Ойнаның» отауы – бір бөлмеде

Осыдан бір жыл бұрын Ертістің Кереку өңірінде 1 сәуір – Күлкі күніне арнап «Ойна» ән мен әзіл отауы алғашқы концерттерін «Оптым күлейік» деген атпен берді. Бұл Павлодарда құрылған алғашқы ән мен әзіл отауы болатын.
Кезінде «Ой, жеңгем үйлен дейді маған», «Қара қыз» атты әндерімен та­ныл­ған «Жеңеше-ай» триосының әншісі, жетекшісі болған Арман Хасенов топтан кетіп, «Ойнаның» іргетасын қалады. Жер­гілікті бес өнерпаздың басын қосып, аталмыш отаудың шаңырағын көтерісімен, араға төрт ай салып қалалық мәдениет сарайында тұсаукесер кештерін жасады. Одан кейін гастрольдік сапармен Петропавл қаласында болып, қызылжарлықтарға ән мен  әзілден «қуырдақ қуырып» берді. Жел­тоқсанда екінші концерттерін берген «ойналықтар»  бұл отаудың іргетасы бе­рік екенін дәлелдеп берді. Себебі бұған дейін де Павлодарда әртүрлі әзіл театр­лар құрылғанымен, солардың құрыл­ғанынан тарауы оңай болып жататын. «Бауыржан-шоуда», «Шаншарда» қойыл­ған әзілдерді қайта қойып, халықты күлдіру қаншалықты қиын екенін өзіңіз де ойлай беріңіз.
Ал «Ойна» алғашқы күннен-ақ ав­торлық әзілдерге ден қойды. Содан да болар, «ойналықтардың» әзілдерінің ара­сында жергілікті биліктің шымбайына ба­татын шындықтар да астарлы түрде қалжыңмен астасып жататын. Өмірі өз­гер­­­тілмейтін Кутузов көшесі жайлы, Пав­лодарда жоқ филармония туралы әзілдері сықақтан гөрі ақиқатқа жақын.
Осы театрдың жетекшісі Арман Хасенов: «Аймақты жерде әзіл отауының жағдайы қиындау», – дейді. Кез келген сатира театр­ларының бас ауруы саналатын сценарий мәселесі – әзіл-сықақ отауларының бірінші кезектегі қиындығы.  Ешқандай демеушісіз өз күнін өзі көріп келе жатқан «Ойнаның»  жағдайы қалай екен деп, ән мен әзіл отауы ашылғалы бері бірде-бір жергілікті атқа­мінер ат басын бұрмады. Жабыстыратын сақал-мұрттары мен жасанды шаштарын (парик) аннан-мұннан құрастырып жинап алса, сахналық киімдерін өз қаржыларына сатып алуда. Бір концертке киген киімдері келесі кешке киюге жарамайтыны әмбеге аян. Сондай-ақ  аядай бір бөлмені жалға алып, сол бөлмеде дайындықтарын жасауда.
«Халық бізден келесі концертіміздің енді қашан болатынын жиі сұрайды. Ал ол концертті бергеннен кейін алдыңғы екі концерттен де сапалы беру керек. Ол үшін қыруар қаржы қажет. Қазіргі заманға сай жазылған сценарийді де сатып алып жа­тырмыз. Бұрынғы құдағи, дәрігер, мұғалім туралы әзілдердің дәурені өтті», – дейді ойналықтар.
«Жақында екі бірдей концертіміз телеарнадан берілді. Алматыдағы әзіл саласында жүрген үлкен-үлкен ағаларымыз өнерімізге жоғары бағасын беріп жатыр. Болашақта бұдан да сапалы жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз. Қазір бәрін де қаржы шешетін заман ғой. Аяғымыздан тұрып кетіп жатсақ, комедия жанрында кино түсірсек деп отырмыз. Ән мен әзіл отауын кеңейтіп, театрға айналдырсақ деген де ой бар», – дейді Арман Хасенов. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста