Ол кісінің өте үлкен реніші болды - Индира Елемес Арман Дүйсенов туралы

Ол кісінің өте үлкен реніші болды - Индира Елемес Арман Дүйсенов туралы

Биылғы жылдың қаңтарында танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті. Продюсермен соңғы рет жолыққан әнші Индира Елемес "Шешімі бар" бағдарламасында Арман Дүйсенов жайлы естелігін бөлісті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

"Арман аға сейсенбі күні өмірден өтті ғой. Біз дүйсенбі күні кешке бетпе-бет сөйлескен болатынбыз. Ұзақ әңгімелестік, қуанышты болатын.

Ол кісі бейсенбі күні Стамбұл қаласына жұмыс бабымен және денсаулығын тексертуге ұшуы керек болатын. Жаңа жылда ол кісі отбасымен болды.

 

"Өмірімдегі ең қуанышты, бақытты сәттер болды, қарындас. Абзалтайымның мені мыжғылағанын көрсең ғой. Мен бұл өмірде жеңіске қол жеткіздім деп ойлаймын. Балам Абылайымды мықты тәрбиелеппін. Ол қазір менің орнымды басуға дайын. Жалпы айтып жатқаным ғой" деп махаббатпен, керемет сезіммен айтты.

 

Ол кісі төрт айдай күйзелісте болды. Қиын күйзелісі болды.

 

Дүйсенбі күні "Бейсенбі күні Стамбұлға кетемін" деп жақсы дайындықта еді.

 

Талай туындыны шығаратын студияда. "Соның бәрін неге түсіріп алмадым" деп өкінемін. Жоспарымыз өте көп болатын. 22 наурызда Стамбұлда Арман аға, бәріміз қосылып үлкен концерт өткізуіміз керек еді.

 

Бірақ соңғы уақытта дос туралы көп ән шығарыпты. Досқа деген бір реніші болды ма, білмеймін.

 

Бірақ ол кісінің өте үлкен реніші болды. Оның сырласы менің жолдасым болды. Жұбайыммен екі-үш сағаттап кабинетте сөйлесетін", - деді әнші Индира Елемес.

 

Естеріңізге сала кетейік, танымал композитор, продюсер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері Арман Дүйсенов 48 жасында дүниеден озды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста