Ол қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш кинорежиссер еді...

Ол қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш кинорежиссер еді...

Күні кеше Құдайберген Сұлтанбаев, Жұмағали Ысмағұлов, Өтежан Нұрғалиев, Қадыр Мырза-Әли, Дариға Жантоққызы, Хадиша Бөкеева сынды қоғам және өнер қайраткер­лерімен бақұлдасып, қабыр­ғасы қайысып отырған қазақ жұрты бүгін ұлтымыздың кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан таны­мал режиссер Дариға Тнали­наны соңғы сапарға шығарып салмақ.
Бар ғұмырын қазақ киносының қалыптасып, өсуіне арнаған режиссер Дариға Тналина 90 жасқа қараған шағында дүние салды.

Ұлттық кино саласының негізін қалас­қан режиссер көптеген кинотуындыларда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Ресейдегі Жоғарғы кино институтында Александр Довженко сынды мықты мамандардан тәлім алып, тәжірибе жинаған қазақ режиссерінің есімі Қазақстанға ғана емес, дәуірлеп тұрған Кеңес Одағы тұсында да ерекше аталып жүрді. Сол кездегі кинема­тография білгірлері Дариға Байжұман­қызын шығыстан шыққан тұңғыш әйел режиссер деп бағалаған.
Соғыс жылдарында студияларда еңбек етіп қана қоймай, арнайы кино мектебінде, 50-жылдардың басында эстрада студия­сының киносыныбында дәрістер жүргізді. Қазақ киносында көрерменін тапқан   Н.Жантөрин, Қ.Әбусейітов, М.Әбу­сейітова, Ә.Мәмбетов сынды таланттар – осы кісінің шәкірттері. Мәскеуде оқып жүрген кезінде жас Дариға бүгінде көпшілікке танымал болған Тихонов, Бондарчуктермен қатар оқып, қазақ көрерменіне белгілі орыс актрисасы Нонна Мордюковамен жатақ­хананың бір бөлмесінде бірге тұрған.
КСРО кинематография саласының үздігі, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атағын абыроймен арқалап, өнерде талай шыңдарды бағындырған Дариға Тналина еңбек жолын сұрапыл со­ғыс жылдарының қиын кезеңдерінде бас­та­ған. Атақ пен абыройдан кенде болмаған осынау талант иесінің өміріне қатысты ақи­қаты мен аңызы аралас қызықты деректер көп-ақ. Бірақ, бір анығы, өзгелерді ерек­ше­лігімен мойындата білген Дариғаның кәсіби қабілеті мен айрықша дарынына сүйсінбеген жан болмаған шығар?!
Өнер әлеміне өз жолын сала білген, жүрегі жұмсақ болса да мінезі тік келетін осынау қазақ қызының алдында Федерико Феллини, Ив Монтан сынды тұлғалар бас иіп, қолынан сүйген. Тіпті атақты Мао Цзэдун мен Ахмед Сукарнолармен бір дас­тарқаннан дәм татып, Леонид Брежневпен жеке сұхбат-әңгіме өткізіп, кино өнерінен қазақтың да кенде емес екенін бірнеше мәрте дәлелдей білді.
–    Кинематография саласындағы өмірінің 22 жылын «Мосфильмде» өткізіп, жемісті еңбек еткен Дариға Тналина Қырғызстан, Түрікменстан, Украина елдерінде де кино түсіру жұмыстарына атсалысқан. Солардың ішінен шоқтығы биік туындыларды айтар болсақ, өз елімізде – «Алыстағы ауылда», Қырғыз жерінде – «Салтанат»,Түрікмен топырағында – «Ерекше тапсырма», Ресей мен Украина елдерінде «Илья Муромец» фильмдерін түсірді. Әйгілі «Қыз-Жібек» фильмін түсіруге де айтарлықтай үлес қосты.
Атағы жер жарған «Мосфильмде» ұзақ жылдар еңбек еткен ол әсіресе киноның дубляж саласын, оның ішінде түрлі фильм­дердің қазақ тіліне аударылуына бір кісідей жанашырлықпен атсалысып, жан-жақты дамытуға көп еңбек етті. Осы тә­жіри­­бесіне сүйеніп, кейіннен «Қазақ­фильм» киностудиясындағы дубляждың режиссері қызметін мүлтіксіз орындап шыққан майталман маман көптеген орыс және басқа тілдердегі фильмдерді ана тілімізде сөйлете білді. Дариға апамыздың кәсіби үлесі бар талай кинотуындылар бүгінде еліміздің және Ресейдің киномұ­рағаттарында сақтаулы. Ол киноны түсіруге араласып жүріп өзі де бірқатар туындылар­ды дүниеге әкелді. Дариға Байжұман­қызының актриса ретіндегі алғашқы талпынысы 1940 жылы «Романтики» деп аталатын фильмдегі басты кейіпкерді сомдаумен басталған. Бұдан кейін кеңес көрерменіне белгілі «Илья Муромец» картинасының екінші режиссері болған.
Осыдан үш жыл бұрын Дариға апамыз «Ақ-қара түсті кино» («Черно-белое кино») атты ғұмырнамалық кітапты жарық­қа шығарды. «Мен тағдыры қиын адам­мын...» деп басталатын кітапта қазақ киносының кешегісі мен бүгіні жайлы және өзінің өнер саласында жүргендегі көрген-білгендері мен көкейге түйген ойлары топтас­тырыл­ған.

P.S.
Дариға апамыз тумысынан шыншыл, айтары мол, қайсар мінезді қайраткер жан еді. Осыдан екі жылдай бұрын әріптесіміз Мәриям Әбсаттар ол кісімен кең көлемді ашық сұхбат өткізіп, соның негізінде қысқаша радиохабар дайындаған еді. Газетіміздің алдағы сандары­ның бірінде Дариға апаймен болған жария­ланбаған сұхбатты оқырман назарына ұсынатын боламыз.
Марқұммен қоштасу рәсімі бүгін Алматыдағы «Қазақ­фильм» киностудиясында өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста