Өлеңмен өрнектелген құрмет пен ізет

Өлеңмен өрнектелген құрмет пен ізет

Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде көрнекті жазушы Софы Сматаевтың «Ағаларым – жағаларым, інілерім – ірілерім» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кеш барысында КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов, қоғам қайраткері Сағын­дық Кенжебаев, академик Баян Рақышев, Өнер академиясының профессоры Дариға Тұранқұловалар авторға жылы лебіздерін білдірді. Ғаббас Қабышұлы, Аян Нысана­лин, Қуанышбай Құрманғалиев сынды ақын-жазушылар кітаптың мән-мазмұны жайында келелі әңгіме өрбітті. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студент­тері Софы шығармаларынан сахналық қойылым көрсетті.
Кітаптың аты айтып тұрғандай, мұнда­ғы шығармалар автордың көзі көрген ағалары мен замандас інілері жайында жазылған. Және барлық дүниелері өлең тілімен өрнектелген.
Ұлтымыздың бірегей тұлғалары Мұх­тар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұс­тафин, Қасым Аманжолов, Дінмұхамед Қонаев, Бәйкен Әшімов, Қасым Қайсенов, Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов, Тахауи Ахтанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Амангелді Сембин, Нұрғиса Тілендиев, Шыңғыс Айтматов,  Мұқағали Мақатаев, Асқар Сүлейменов, Шәмші Қалдаяқов, Әбіш Кекілбаевтардың кісілік келбеттері, азаматтық болмыстары кеңінен ашылған.
Қаламгердің Абылай ханға тағзымы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа деген сыры да осы кітаптан орын алған.

Ғаббас Қабышұлы, жазушы:
– Біз Софы екеуміз ойымызды ашық айтып жүреміз. Ашық айтқаннан кейін ұнай бермейміз. Бізді оппозиция дей­тін­дер де бар. Біз ешқандай да оппо­зи­ция емеспіз. Софы екеуміз бар болғаны шындықты айтқымыз келеді. Елдің жайын ойлағаннан кейін ғой мұның бәрі. Ал мына кітабында Софы жылы дүниелерін жариялапты. Ағаға деген құрметін, ініге деген ізетін білдірген. оқырманына жетуіне тілектеспін.

Аян Нысаналин, ақын, сыншы:
– Бұл кітапты жарық көрген сәтінде-ақ ықыласпен оқып шықтым. Бұл бір күн­нің шаруасы емес, жылдардың же­місі. Үлкен еңбекпен жазылған. Бізде естелік, эсселер бар. Бірақ өлеңмен жа­зылғандары аз. Көзі көрген тұлғалар­дың болмыс-бітімін суреттеп, тұтас бір кітап­ты арнау оңай шаруа емес. Және мұнда­ғы естеліктер «кездесіп едім», «көріп едім» деген құрғақ сөздерден тұрмайды. Қара­сөздің шебері санатын­дағы Софы Сматаев сырын жыры­мен жеткізуде де шеберлік танытқан. Мен бұл кітапты сәт­­т­і дүниелердің қатарына жатқыза­мын.

Бұған дейін бірнеше прозалық кітап­тар­ды жазған, «Елім-ай» сын­ды толымды дүниелерді тудыр­ған көрнекті жазушы, ақын Софыян – Софы Сматаев кітабы­ның тұсаукесер кешін өзі қоры­тын­дылап, жиын­ға келгендерге рақметін айтып, сия­сы кеппеген төрттаған жырларын оқып бер­ді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста