Олжас Сүлейменов: Жақсы маман болу үшін жақсы адам болу керек

Олжас Сүлейменов: Жақсы маман болу үшін жақсы адам болу керек

Есімі алты құрылыққа кеткен Алаштың ардақты ақыны, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы жылдағы дәстүр бойынша 18 мамыр­дағы туған күнін Алматыда атап өтті. Осы орайда әдеби-мәдени шаралар Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Ұлттық кітапханада атап өтілді.
Биыл 77 жасқа толып отырған ақын ал­ды­мен «Қазақ ұлттық аграрлық универ­си­тетінің Олжас Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтында» болып «Таза ел» деп аталатын мұражайдың ашылу салтанатына қатысып,  тұсауын кесті. Университет рек­торы, академик Тілектес Есполовтың тікелей басшылығымен құрылған жаңа мұражай экспонаттары,  негізінен, Олжас ақынның  өмірі мен шығармашылығына арналған. Өзіне деген ерекше құрметке риза болған қайраткер ақын: «Таза ел –  бұл таза жер, таза ауа, таза ұят және таза көңіл. Ал таза­лық­пен тәрбиеленген ұрпақтың келешегі зор болмақ. Меніңше, өзге де оқу орын­дарында да студенттер үшін осындай идео­логиялық және рухани тәрбие орын­дары ашулы керек. Адам табиғатпен егіз екендігімен ерекшеленеді. Сондықтан да адам жоғары түсінігімен адам болғандық­тан, жерді аялауға, оны қорлатпауға атса­лы­сады. Бұған біздің гуманитарлық жағы­нан берген тәрбиеміз орасан пайдасын тигізетініне кәміл сенемін. Өйткені адам тек маман ғана болуы керек емес, сонымен бірге көңілі ашық жақсы адам болуы ке­рек», – деп ағынан жарылды.
Бұдан соң Аграрлық университеттің спорт залында екі күнге созылған Олжас Сүлейменов кубогына арналған ардагер волейболшылардың дәстүрлі турнирі табысты өтті. Жеті команда қатысқан жа­рыста Олжекеңнің өзі жетекшілік етіп, құра­мында ойнайтын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ардагерлер ко­ман­дасы жеңімпаз атанды. Университет қабырғасын­да осы шаралармен қатар, да­рынды студент­тер арасында «Олжас оқу­лары» ұйымдас­тырылып, ақын шығар­ма­шылығын қам­ты­ған әдеби-сазды кеш бо­лып өтті. Кеш со­ң­ын­да ақын университет ұжы­мы мен студент жастарға алғыс айтып, жаңа шық­қан кітаптарына қолтаңбасын берді.
Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик:
– Университетімізде тәрбие жұмысы­ның тиімділігін арттыру мақсатында 2004 жыл­дан бері «Олжас Сүлейменов атында­ғы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты» жұмыс істейді. Бұл инс­титутқа ақынның есімі жай беріле салған жоқ. Қайраткер тұлға осында оқи­тын ауылдан шыққан студенттермен жиі-жиі кездесіп тұруды әдетке айналдыр­ған. Студенттермен кездесулерде Олжас Омар­ұлы бейбітшілік мәселесі, еліміздің экологиялық проблемалары және жоғары оқу орындарының халықаралық білім ке­ңіс­тігіне кіруі туралы пайымдауларымен пікір алмасып отырады. Олжекеңнің қол добы – волейбол ойынына құмарлығын дү­йім жұрт жақсы біледі. Ақын студенттер ара­сында салауатты өмір салтының үлгісі де болуда. Оның бастауымен университетте ардагерлердің командасы құрылып, басқа оқу орындары мен мекемелердің коман­даларымен кездесулер өткізу дәстүрге айналған. Биыл 77 жасқа толып отырған ақын ағамыздың спорттық киім киіп, жас­тармен бірге алаңға шыққанының өзі неге тұрады?!

Қайраткер ақынның университеттегі жүздесулері бұдан кейін 20 мамыр күні Алматыдағы Ұлттық кітапхананың Үлкен за­лында жалғасын тапты. Осында Олже­кең­нің қатысуымен «Кітап. Жазушы. Оқыр­ман» деген атпен өткен  шығар­ма­шылық кешке белгілі ақын-жазушылар, студент жас­тар мен ақпарат құралдарының өкіл­дері қатысты.
Өткен ғасырдың орта шенінде өлең өлкесіне өктем үнімен келіп, ұлттық тарихи жадының қайта жаңғыруына айтарлықтай ықпал еткен «орыстілді» қазақ ақыны, поэ­тикалық қуатының ерекшелігімен әлемді дүр сілкінтті десек те болады. Десек те, өлең­де өтірік айта алмайтын асқақ ақын, қа­лың оқырмандарының алдында қашан да кішіпейіл.

...Көмек қолын соза алмадым бәріне,
Мен Бір Құдай емеспін ғой, әрине.
Қауқар бар ма жалғыз-жаяу ақында?
Бар сұрақтың таба алмадым жауабын,
Қолдан келіп тұрса-дағы қалайда,
Адамдарды алдағам жоқ алайда...

– деп ақтарылатын ақадал ақын әңгіме арасында жаһанданған әлемдегі руханият жағдайы мен ұлт болашағы туралы, әде­биет пен мәдениет төңірегіндегі ойлары­мен бөлісті. Кешті жүргізген көрнекті мәде­ниеттанушы-ғалым Мұрат Әуезов Олжекең жай­лы толғаныстарын ортаға салып, ақын­ның әлемдік әдебиетте алатын орны жа­йын­да тұщымды пікірлер айтты.
  Жаңа мұражайда
Мұрат Әуезов, мәдениеттанушы ғалым:
– Біз үшін Олжас Омарұлын ақын деп қана тану аздық етеді. Олжекеңнің руха­ният кеңістігінде алатын орны тіпті орасан. Оның поэзиясының түркілік сарынмен астасып, ұлттық тамырымызбен жалғасып жатуы тегін емес. Меніңше, Олжекең – әлдебір тылсым күшке ие өзге бір рухани әлемнің өз өкілі. Ол не айтса да, нені жазса да адамзатқа қажетті ақиқатты тарихтың қойнауынан ақтарып, сана түкпірінен талдап алып шығады. Сонау Мәскеуде оқып жүрген бозбала шақтардың өзінде ол жас ақындарға тән жалаң лиризмге ұрын­бай, үлкен тақырыптарға қалам сілтей бас­тады. Кеңес үкіметінің қытымыр саясаты қазақтың арғы тарихын парақтауға мұрша бергізбей тұрған қиын-қыстау кезеңдерде Олжекең ата-бабаларымыздың өткеніне үңіліп, көне қолжазбаларға зер салды. Көп ізденді, асықпай зерттеп ізденді және тү­йіп-білгенін шығармашылығы мен ғылыми еңбек­тері арқылы қайта жаңғырта білді. Сөзі мен ойы салмақты, білімі  терең, таным көкжиегі кең тұлғамен қанаттаса, қаламдас болуды өз басым үлкен олжа деп бағалай­мын.  Олжас Омарұлы сияқты ерекше ту­ған азаматтың есімі бүгінде қазақ елі ғана емес, әлемнің қай бұрышында да ардақ­талып жүр. Біз осыны бағалай білуіміз қажет. Олжастың ақындығына шабыт, ғылыми  еңбектеріне жеміс тілей­міз.

Кештің алдында ақынның өз бастама­сымен құрылған  «Олжас кітапханасы» бас­па үйінен жарық көрген бірқатар жаңа кітап­тардың көрме-сатылымы ұйымдасты­рыл­ды. «Олжас кітапханасы» баспалар нарығында 2010 жылдың қазан айынан бері жұмыс атқарып келеді және осы уақыт ішінде 50-ден астам аталым бойынша кітаптар шығарып үлгерді. Баспаның қызметі әлем әдебиетінің, соның ішінде қазақ әдебиетінің (қазақ және орыс тілде­рінде) озық үлгілерін басып шығаруға бағытталған. Баспа өнім­дері еліміздің, қоғамның рухани дамуында, қомақты үлес қосып келеді.
Кеш барысында Бақытжан Қанапиянов, Сейдахмет Құттықадам, Дүйсенбек На­қып­ов, Валерий Михайлов, Мыңбай Рәш, Леонид Гриш  сынды қаламгерлер мен та­нымал тұлғалар сөз алып, ақынға деген өз ықылас-ілтипаттарын білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста