Олжас Сыдықбек журналист Ғалым Кеңшілікке пранк жасады (видео)
Пародист Олжас Сыдықбек журналист Ғалым Кеңшілікке пародия жасады. Актер Жүрсін Ерманның даусымен телефон арқылы Ғалым Кеңшілікке уәжін айтты.
Олжас Сыдықбек “Таңшолпан” бағдарламасында журналист, тележүргізуші Ғалым Кеңшілікке пранк жасады.
Олжас Сыдықбекп Жүрсін Ерманның даусын салып, пародия арқылы көпшілікке танылды. Бекболат Тілеухан, Мейрамбек Бесбаев сынды тұлғалар арқылы көрерменнің көзайымына айналды. Сахнаға 18 жыл бұрын шыққан талант бүгінде мемлекеттік академиялық филормония директорының орынбасары. Мемлекеттік қызметте жүргендіктен шығармашылықа уақыт тапшы деп ақталды өзі.
“Шақыртулар көп. Концертіңді жасамайсың ба деп айтады. Пародияға шақырады. Мен қазір көбінесе жүргізушілікке бет бұрып кеттім. Концерттерге шақырту аламын. Жұмыс басты болып кеттік. Пародияға, өнерге көп уақыт бөле алмай жүрмін”, – деді Олжас Сыдықбек.
Актер тікелей эфирде Нұрлан Еспановтың, Бекболат Тілеуханның, Мейрамбек Бесбаевтың даусын салды. Одан бөлек бағдарлама жүргізушісі Ғалым Кеңшілікке телефон арқылы хабарласып, уәжін айтты.
“Ғалым Кеңшілік пе екен? Бұл Жүрсін Ерман деген қазақ қой. Сенің жүргізіп жүрген бағдарламаң “Егіз лебіз бе?”. Әділ қазы болып Тұңғышбай отыр. Неге мені шақырмайсыңдар? Әнде айтамын. Тәп-тәуір ән салатын қазақпын мен. Қашан шақырасыңдар?”, – деді пародист.
Журналист бастапқыда шын сеніп, ақталуға тырысты.
“Сіз қонақ болып келдіңіз ғой, аға. Шақырамыз. Ұйымдастырушыларға айтайын. Оны мен шешпеймін ғой”, – деп ақталды.
Кейіннен пранк екенін біліп, күлкіге қарық болды.
stan.kz