Өмірде де, өнерде де жұптары жазылмаған...

Өмірде де, өнерде де жұптары жазылмаған...

Бүгін қазақтың М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрында ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қымбат Тілеуованың шығармашылық кеші өтеді. Өмірде де, өнерде де бір-біріне жансерік болып, мағыналы ғұмыр кешіп келе жатқан жұп Ерік пен Қымбат өздерінің «Ғажайып әлем» деген атпен өткізгелі отырған шығармашылық кешін дүйім жұртпен бөліспек.
Олардың өмір-өнер жолдары Мәс­кеуде Луначарский атындағы Театр өнері институтында оқып жүргенде тоғысқан болатын. Ерік Жолжақсынов пен Қымбат Тілеуова содан бері ширек ғасыр қазақ өнерінің өркендеуіне қызмет етіп келеді.
Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов алғаш өнер жолын бастаған жылдары «әкемтеатрда» жас актер «Чарлейдің әпкесінде» – Спет­лайг, «Түлкі бикеште» – Шамплетро, «Баш­мағымда» – Тыңшы, «Жұлдызым менің жоғарыда» – Жан, т.б рөлдерді сом­дап, өзінің ізденімпаздығын таныт­ты. Е.Жол­жақсыновтың кейінгі өнер жолы­ның өсу-шыңдалуы киномен тығыз байланысты. Ол «Заман-ай», «Қараң­ғылық әміршісі», «Кек» т.б фильмдерде ойнады. Сондай-ақ Ерік Мәскеу режиссерлерінің киноларына да түсті. Еріктің жұбайы Қымбат Тілеуова театр сахнасында  «Гамлет», «Көктөбедегі кез­десу», «Шол­панның күнәсі» т.б көптеген спектакльдерде басты рөлдерді сомдады. Сондай-ақ оның кинода да жасаған бейнелері көрерменге жақсы таныс. Қымбат «Қар қызы», «Өлместің оралуы», «Жоғалған жұмақ», «Көшпенділер» филь­міне түскен.
Ерік пен Қымбат қызығы мен қиын­дығы қат-қабат өмір-өнерде, өнер-өмірде жарасымды жұптарымен өздерінің «Ға­жай­ып әлемдерін» жасай алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста