Өмірдің өзі – «Дода» немесе Браво, қазақы детектив!

Өмірдің өзі – «Дода» немесе Браво, қазақы детектив!

Көкпар – ежелден қазақтың арқасын қоздырып, тамырына қан жүгіртетін ұлттық ойын. Мән-мағынасын ұқпаған жан «тәйірі, тепсе темір үзер жігіттердің жабыла жүріп арғымақ үстінде көк серкеге таласқаны несі?» деуі ғажап емес. Бірақ бағасын білгенге ол – нағыз майдан, нағыз тартыс, нағыз өмір!
Апта басында Астанада «Ақсарбас!» деп айғайды салып, арғымақпен құйғыта шауып сүйінші сұрауға арзитын үлкен бір туындының тұсауы кесілді. «Дода» деп аталатын бұл көркем фильмнің ғажаптығы – қазақтың ғасырдан-ғасырға тамыры үзіл­­мей келе жатқан ұлттық ойыны – көк­пар­ды дәріптей отырып, отбасылық құн­ды­лықтарды санаға сіңіруінде әрі бұған дейін қазақ киноөнері тарихында осын­шалық дәрежеде түсіріле қоймаған детективті жанрда өрбуі. Басты рөлдерде Нышанбек Жұбанаев, Еркебұлан Дайыров және Әйгерім Құламбаевалар ойнайтын бұл фильмнің бас режиссері Елдар Қапа­ров, бас продюсері – Артықбек Бол­ған­баев, ал, ең бастысы, мұндай ғажап туынды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауым­­дас­тығының ұйытқы болуымен жүзеге асып отыр.
«Ұры болар балаңды түн қатқаннан танисың», расында, қылмыс атаулының 80-90 пайызы күн жиектен батып кет­кен­нен, келер күні қайтадан құлан иектеніп атқан аралықтағы қап-қара түнде болуын­да не мән бар? Бұл жолы да тауар лықа тиелген «КамАЗ» көлігі сонау Еуропадан бері небір шекаралардан аман-есен өтіп, кенет кең-байтақ қазақ жеріне ене бергенде қарақшыларға тоналамын деп еш ойлаған жоқ еді. Тіпті қас пен көздің ортасында болды бәрі. Қаннен-қаперсіз келе жатқан қос неміс жүргізушісі жолдағы тосқауылға дөңгелегі тіреліп, тоқтай бер­гені сол еді, мұз­дай қаруланған топ тап берді де, естерін жиғанда тауар да жоқ, өздерінің қайда жатқанын да білмейді. Фильм осы­лай «кім қарақшы, кім?» деген сұрақтан бас­талды.
Бірді айтып, бірге кеткендей болып жатқан шығармыз, яғни қылмыс пен көкпардың не байланысы болуы мүмкін? «Дода» алғаш бас­талғанда біз де солай ойлағанбыз. Алайда тұсауы кесілген туын­дының қызығы да, шыжығы да – осында, яғни мұнда аса ірі қылмыс әшкерелене оты­рып, қазақ көкпары керемет дәріп­теледі. «Тәрк етілген тауарды көз ілеспес шапшаңдықпен ізін жасырып үлгеру тек көкпар тартып, бұлшық еті ойнақшып, тамырында қаны шапшыған ердің ерінің ғана қолынан келуі мүмкін» – бұл фильмнің басты кейіпкері Нұржанның сөзі. Ал біз бұл сөз арқылы «көкпар – қылмысқа жетелейтін ойын, көкпаршылар – қарақ­шы» дегенді айтқалы отырғанымыз жоқ. Осылай спорт пен детективті ұштастырған фильм тудырушылар. Ал біз ол жұмыс­ты ғажап деп бағаладық. Неге? Біріншіден, бұл – қазақтың білдей өнерін ұлттық спорт дең­гейінде дәріптеуші тұңғыш көркем фильм. Және әзірге қазақ режиссерлері қыр-сырын ашып түсіруде шеберлік таныта қоймаған детективті драма. Кинотуындыда махаббат та, спорт та, шынайы достық та, қазіргі кезде талай отбасының күйреуіне апа­рып соқтырып жатқан әлеуметтік-эко­но­микалық мәселелер де – бәрі-бәрі шебер тоғыстырылған. Яғни режиссер де, актер­лер де, түсіруші операторлар да – бәрі бір мақсатқа жұмыла білген әрі күр­делі де ауқымды міндетті голливудтық дең­гейде дерлік атқара білген. Голли­вуд­тық дегенді текке ауызға алғанымыз жоқ, себебі режиссер жас та болса, сол кино өне­рінің ең биік шыңы – Голливудта білім алған жігіт.
Елдар ҚАПАРОВ, режиссер:
– Фильмнің басты идеясы – қазақтың ұлттық көкпар ойынын жай сыдыртып көрсете салу емес, сонымен қатар қазақ отбасының құндылықтарын, ұлтымыздың өзгеге ұқсамайтын психологиясы, тұрмыс-тіршілігі, өмір салтын дәріптеуді көздедік, ерек­шелігіміз – фильмді криминалистика тақырыбына ойыстыруда болатыны анық. Шекарадағы транзиттік қылмыс­ты әшкерелеу, яғни ірі жүк көліктерін тонау операциясы барысында өмірдің шиеленіскен жайттарының күрмеуі ашылады. Қара дегеніңіз ақ болып, ал шық жуытпайтын пәгіміз нағыз қыл­мыстың иесі болуы өмірде аз кездесетін құбылыс емес. Фильмде де біз жасалған қылмыстың нақты ұйымдас­тырушысы кім екенін бірден білдір­мейміз, картаның соңында бір-ақ ашылғаны қызықтырақ әрі өмірге жақын шығады. Түсіру жұмыстарының 90 пайыздайы ашық аспан астында өрбіді. Адамдар ғана емес, мұнда жануарлар, яғни тұлпарлардың болуы жұмысты біршама қиындатты, бірақ сонысымен қызық, есте қалды.

Қайрат САТЫБАЛДЫ, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, генерал:
– «Дода» сөзінің мағынасын, шыны керек, қазір аға буын білмесе, жастар­дың дені біле бермейді. Жас буынның интернет алды, қала берді, кинозал­дардан шықпауға айналып бара жатқа­ны да шындық. Сол себепті бүгінгі ұрпақ­қа көкпардың қасиетін көрсетуді көздедік. Бағзыда ата-бабаларымыз бейбітшілік кезде де «кенет ел басына күн туса ше» деген оймен қарап жатпай, осы көкпар арқылы бойдағы күшті бабында ұстаған. Сондықтан бүгінгі ұрпақ, әсіресе ерлердің оны ұмытуға қақы жоқ.

Бекболат ТІЛЕУХАНОВ, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-прези­денті:
– Жалпы, кино дегеннің өзі – калька ғой, бірақ көпшілік сүйіп көретін идеологияға айналғандықтан, біз сол кальканың өзіне ұлттық рухани құнды­лықтарымызды қосамжарлатып енгі­зуге бел будық. Жалпы, бұл – көкпар тар­та алған адамның қанша­лықты дәре­жеде қарым-қабілеті болатынын көрсететін кино. Солай ұғындырған дұрыс.

«Дода» қазақстандық кинотеатрлар экранына келер жылдың қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында жол тарт­пақ. Қалың жұртшылықтың ғажайып туын­дыны тамсана тамашалауына аз қалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста