Өмірдің өзі – театр

Өмірдің өзі –  театр

Таяуда қазақ театрының абызына айналған белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаевтың «Өмірдің өзі – театр» атты кітабы жарық көрді. Өмірі мен өнері өнеге, көкірегі шежіре ақсақал өзінің 60 жыл ғұмырын қазақ театрының сахнасына арнаған. Осы уақыт аралығында талай игі жақсылармен әріптес, дос, біреуге аға, біреуге іні, біреуге ұстаз, біреуге шәкірт болған Сәбит Оразбаев қазақ театрның жарты ғасырдан астам тарихының куәсі. Ол театрдың негізін қалаған ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері, азулы актерлер мен шебер режиссердердің сахнадағы және сахна сыртындағы өмірлері, әзіл-оспақтары, әңгімелері  кейінгі ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен өнер саласындағы тамаша тарландарымыз жайлы естеліктерін, ой-толғаныстарын жинақтап кітап етіп шығарды. «Өмірдің өзі – театр» атты кітап әзірге аз данамен басылып шығыпты. «Алаш айнасы» осы кітапқа енген Сәбеңнің бірнеше естелігін оқырманға ұсынуды жөн көрді.
«Это мой собственный нос»
Серағаңның бір өзі бір театр еді ғой
«Мәскеуге Қобыланды» спектаклін апардық. Ол кезде біздің театрдың дүркіреп тұрған кезі. Бас режиссеріміз Мәмбетов. Серағаңның өзі ешкімге ұқсамайтын. Мінезі де шатақ болатын. Бетін әрлеп жатқан. Бәріміз қатар отырғанбыз. Бір жастау режиссер Серағңның қасына келіп: «Вот такой нос не годится», – деді. Серағаң ала көзімен бір қарады да бетін бояй берді. Әлгі жігіт: «Теледидарға көп бояудың қажеті жоқ» деді де кетіп қалды. Серағаң ол кеткесін: «Жаңағы бала не деп кетті. Нос деп кетті ғой», – деді. «Олбірдеңені түсінбеген ғой» дедім мен. Бір кезде әлгі режиссер қайтып келді де, Серағаңның қасында тұрып алып, «Я же вам на русском языке говорил. Вот такой нос не годится. Половину надо убрать?», – деді. Серағаңның көздері шатынап кетті. Орнынан тұрды да: «Это мой собственный нос», – деп мұрнын қолымен періп жіберді. Мұрны дір-дір етіп барып тоқтағанда, әлгі режиссер жігіт шалқасынан құлады. «Ой, пожалуиста, извините», деп қайта-қайта жалынып бәйек болды. Бұл енді кішкентай ғана деталь.


Баяғыда Құрекең Серағаң спектакльдердің кестесін оқып тұрғанда: «Әй Серке,мұрныңды жинашы, біз өтіп кетейік», – деп қалжыңдайды екен.
«Әй, ақсақал»не сен ойна, не мен ойнайын...»
Нұрмүхан Жантөрин жайлы
Сахнаға Қодаршыққан кезде жұртшылық та шулап кетеді. Халықтың ұғымында ол өте жауыз адам ғой. Әсіресе, Қозы мен Қодардың қылыштасатын жері бар. Енді кездеспеуге серттесіп, екеуі екі жаққа кетеді.Сөйтсе залда отырған бір көрермен шал: «Әй, атаңа нәлет, Қодар, ақыры соның түбіне жетесің-ау», – деп қайта-қайта айқайлап отыратын көрінеді. Бір кезде шыдамы таусылған Жантөрин сұсты көзін шалға қадап, «Әй, ақсақал, не сен ойна, не мен ойнайын. Неменеге менімен жағаласа бересің?» – дейді. Шал: «Ойнай бер, ойнай бер, бірақ бәрібір түбіне жетесің ғой», – деп қоймайтын көрінеді.
Ақырында Қозыға пышақ салып, өлтіріп жатқанда Қозының: «Баян, Баян. Арманда кеттім-ау, Баян» деп шалқасынан құлайтын жері бар ғой, соған келгенде әлгі шал орнынан атып тұрып: «Атаңа нәлет, Қодар, ақыры өлтіріп тындың ба?» – дейді бар даусымен. Жұрт қой десе қоймайды. Сонда Нұрмұхан қолында пышағы бар, тура әлгі шалға қатулы қабағымен қараған ғой. Әлгі шал. Айттым ғой. Бұл енді мені өлтіреді», – деп сыртқа қарай тұра қашыпты.
«Өзі мүлік болса, ... бұл қандай әртіс?»
Асқар Сүлейменов жайлы
Асқар Сүлейменов қалай болса, солай болбыр сөйлемейтін. Бекерге сөз айтпайтын. Әр сөзінің өзі қорғасындай болатын. «Мынау не?» дейді, оны айта бастасаң, «білем» дейді. Сондай бір қайырып тастайтын сөздері бар еді.
Бірде театрда қойылатын спектакльдердің кестесін оқып тұрса, қасына Сүртібаев келеді арғы жағынан. «Бүгін не болады екен, ертең не болады екен, кімдер ойнайды екен?» деп сұрақты үстін-үстін қойып, Асқарды иығымен итеріңкіреген ғой. Бергі жағында Әубәкір тұр екен. «мен итеріп жатқан мынау кім?» деп Әубәкірден сұрапты. «Бұл Мүлік Сүртібаевич қой», дейді. «Мүлік, сонда қалай болды, өзі мүлік болса, әкесінің аты Сүртібай болса, бұл қандай әртіс?», – дейді. Мұны естіген Мүлік ашуланып кетіп қалыпты.
«Әй, большой, иди сюда!»
Өкіреш атанып кеткен Рахметбай Телеубаев жайлы
Бір топ досымен Құдайберген Сұлтанбаев Шевченко көшесінің бойымен жеңіл машинамен келе жатады. Қатарласып келе жатқан трамвай тоқтағасын, бұлар да кідіреді. Трамвайдан Өкіреш шыға келеді. Оның көрген достары: Анаң қара, Өкіреш, Өкіреш!» – деп шу ете қалады. «Қазір қызық көресіңдер, денесі еңгезердей болғанымен өзі қорқақ», – дейді Құдайберген. Жеңіл машинамен Өкірешке қатарласа бергенде терезеден: «Әй, большой, иди сюда» – дейді. Анау дереу алдымен жиілетіп, жылдам жүре бастайды. Кешкі мезгіл болса керек. Тағы да «Стой тебе говорят!» дегенде жүгіре жөнеледі. Есігінің алдында қоқыс төгіп жатқан әйелі мұны көре сала, шелегін тастай салып ол да жүгіріп подъезге кіреді. Жүгіріп бесінші қабатқа көтеріледі. Өзі салмақты адам жүгіргенде басқыштар солқылдап кетіпті. «Әй, не болды сонша жүгіретіндей, тыныштық па?», – дейді. Рахметбай: «Қайдан тыныштық болсын, қуып келе жатқан жоқ па шпаналар. «Стой тебе говорят» деп қоядыатаңа нәлеттер. Қазір сондай қаныпезерлер көбейіп кетті. Қолдарында пышақтары ма, бірдеңелері бар, жап есікті!» дейді. «Алаш айнасы»
Әзірлеген Айнұр Сенбваева (ҚР Халық әртісі Сәбит Оразбаевтың «Өмірдің өзі – театр» кітабынан алынды)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста