Өмірін өнермен өрген өнерпаз Нариман Үлкенбаев өмірден өтті

Өмірін өнермен өрген өнерпаз Нариман Үлкенбаев өмірден өтті

Қазақтың маңдайына біткен арда ұлдарының бірі, талантты дарын иесі, күйші Нариман Үлкенбаев желтоқсанның 6-сы күні өмір­ден өтті. Ақын Кәкімбек Салықов бір кездері: «Асық атса жаңыл­майтын алшысы; Атыраудың Нариман сазгер, әншісі. Айтулы ұстаз, жақсы азамат; Мен үшін «Жезкиіктің» ол тамаша жаршысы», – деген Нариман марқұмды жерлеу шарасы бүгін Атырауда өтеді.
Еңбек жолын медицинадан бастаған Нариман Үлкенбаев – жасынан-ақ халық­тың зор құрметіне бөленген жан. Ауыл­шар­уашылық институтына түсіп, ғалым-зоотехник мамандығын да алған. Бірақ бойына біткен дара таланты мен өнерге деген сүйіспеншілігін өмірінің ақырына дейін бірге алып жүрді. 80-жылдары Аты­рау тұрғындарының күшімен мәдениет орта­лықтарын ашу бастамасын көтерген. Кейін қала түбіндегі Махамбет ауданының мәдениет бөлімін басқарып, мұнда да ірі ұлттық аспаптар оркестрін, халық театрын, мәдениет университетін, ондаған отбасы­лық ансамбльді ашты. Өнер иесінің көзін көрген замандастары: «Нариман күйші қазақ сөзіне қайтып бірдей сүйінсе, қазақ күйіне де сөйтіп бірдей тебіренетін. Бәрінің де бабын келтіріп, бақайшағын шағып, ба­лын тамызып орындайтын», – деп еске ала­ды. Сегіз қырлы, бір сырлы болған На­ри­ман ағамыздың ұлағатты ұстаздығы­ның көріні­сін бүгінгі талантты шәкірттеріне, шебер күйші қызы Айгүл Үлкенбаеваның өнердегі кең өрісіне қарап бағалауға бола­ды. Қазақ сазын насихаттап, ән дегенде ішкен асын жерге қойған өнерпаз бағзы бабалары­мыздың құлағын шымырлатып, жүрегін елжіреткен қай сиқыр әуеннің де жеткіншек ұрпақтар жадынан қалтарыс қалмауына әрдайым күш салып баққан. Бірнеше ең­бек жазып, артында өсіп келе жатқан өске­лең ұрпаққа үлгі бола білген Қазақстан Рес­публикасына еңбегі сіңген қайраткер Нари­ман Үлкенбаевтың жатқан жері жай­лы, топырағы торқа болсын демекпіз!
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста