Өмірқұл Айниязов жаңадан құрған дуэтіне ат қойған адамға сыйлық табыстамақ
Өмірқұл Айниязов продюсер атанбақ. Әнші екі музыкант жігіттің басын біріктіріп, дуэтті өз қол астына алды. Жігіттердің бірі – домбырада, бірі – баянда ойнайды. Дуэт дәстүрлі стиль мен эстрада стилін байланыстырып, жаңа әндер жазуға кірісіп кетті. Жақында бейнебаян шығады деп жоспарлап қойған, оған сюжет те дайын екен.
Бар мәселе топтың атауында болып тұр. Қазірге дейін 200-ге таяу ат бар. Бірақ музыканттар көпшілікпен ақылдасып, дуэттің атын халықпен бірге қоюды қалап отыр. Және жақсы ат ойлап тапқан адамға сый да қарастырылған: лайықты ат ойлап тапқан адам, топтың бейнебаянына түседі. Оның жасы, жынысы, ұлты қандай болатыны, маңызды емес.
Сондықтан егер топқа лайықты қандай да бір ат ұсынғыңыз келсе, пікір ретінде білдіруіңізге болады. Іске сәтІ