Омырауын айқара ашқан Әсел Садуақасова сынға ұшырады (фото)
Әсел Саудақасова Instagram парақшасына демалысы кезіндегі фотосын жүктеймін деп елден оңбай сөз естіді. Көпшілік отандық актрисаның төсін айқара ашқанына шүйліккен. Желі оқырмандары арудың қылығын ерсі санап, наразылықтарын ашық түрде білдіріп жатыр деп жазады NUR.KZ.
Отандық танымал актриса демалысы кезінен сурет жүктеп, елдің қызу талқысына түсті. Желідегілер Әсел Садуақасованың кеудесін көрсетіп түскен суретін аяусыз сынап тастаған.
Олар өздерінің жағымсыз пікірлерін әртіс қыз жариялаған фотоның астына қалдырыпты. Олар Әселдің соңғы кездері төсін тым жиі аша бергенін сөз етіпті.
"Соңғы кездері кеудеңізді көрсетіп көп фото жүктеп кеттіңіз. Оған не себеп болды? Имплант салдырттыңыз ба?"
"Жап жақсы көйлекті қор қылып отырсың ғой. Омырауын жауып жүрсе ғой, арттарыңнан еріп сендерге қарап өсіп келе жатқан қыздар бар."
"Ұят жоқ екен өзіңде, төсіңді ашып. Үйіңде ары бар еркек жоқ па "мынау не жүріс" дейтін?"
"Үлкен төс сенде ғана бардай. Не болды соншама? Қаншама бала жазылған сізге. Не тәрбие бересің?"
"Бұрынғыдан өзгерген Әсел. Ерсі қылықтары көбейіп барады" , - деп жазуда оқырмандар.
Бір желі қолданушысы тіпті отандық актрисаның суретіне наразылығын өлең шумақтарымен жеткізген.
"Қазақ қызын инстадан көріп едім Кәмшатты да өлеңіммен сөгіп едім, Киімімнен жыртып-ақ берейінші, Киіміңе сыймай тұрса көкірегің! ", - деп жазды ол.