Өнердегі қыз-келіншектердің асын кім даярлап, кір-қоңын кім жуады?

Өнердегі қыз-келіншектердің асын кім даярлап, кір-қоңын кім жуады?

«Жұлдыздардың» өмірі үйде емес, көбіне түзде өтетіні белгілі ғой. Сондықтан олардың үй шаруасына уақыттары бола бермейді. Әсіресе өнерде жүрген нәзікжандыларға қиын тиетіні рас. Оларға бала туып, оны бағу, үй жинап, ыдыс жуу, күйеуінің жағдайын жасап, кір-қоңын жуып, асын әзірлеу секілді тірліктерге уақыт табу өте қиын. Егер әйел адам тек үй тірлігімен отырса, онда шығармашылығы ақсайды. Мұндайда өнердегі сұлулар үй көмекшілерінің қызметіне жүгінеді. Бүгін «Алаш айнасы» қазақ шоу-бизнесіндегі қыз-келіншектерден үй қызметшілері туралы сұрастырып көрген еді.
Үй қызметшілерінің қызметін ұсынатын агенттіктердің келтірген деректері бойынша біздің елімізде әсіресе бала күтушілеріне деген сұраныс көп екен. Сондай-ақ аспаздар мен үй тазалаушыларға да сұраныс жоғары көрінеді. Әсіресе Астана, Алматы секілді ірі қалаларда тіпті тұрмысы орташа отбасылар да үй қызметкерлерін ұстайтынын айтады агенттіктегілер. Ал енді өнер адамдарының үй қызметшілерін жалдауы жоғарыда айтқанымыздай заңдылық.
Шетелдік басылымдар, сайттарда әлемдік жұлдыздардың үй күтушілері жөнінде көптеген ақпараттарды табуға болады. Айталық, Ресей шоу-бизнесінің патшайымы Алла Пугачеваның Люси есімді үй қызметішісі сонау 1979 жылдан бері әншіге қызмет етеді екен.
Өз үйіңе бөтен адамды сеніп кіргізу де, оған отбасы мүшелерін, әсіресе балаларды сеніп қалдыру оңай емес. Сондықтан үй күтушісін аларда әр қожайын өзінің талаптарын қойып, қызметкерінің өзіне адал болуын қалайды. Өйткені кейде отбасына өзге біреудің килігуінен кейбір отбасыларлың шаңырағы шайқалып жатады, енді біреулердің үйлерін өз қызметкерлері тонаған жағдайлар да жиі кездеседі. Мысалы, әлемге аты мәшһүр киножұлдыз Шварцнеггердің шаңырағы үй қызметшісінің кесіренен шайқалғанын әлемдік БАҚ жарыса жазған болатын. Шварцнеггердің үйінде үй күтушісі болып 20 жылдай қызмет еткен әйелдің қожайынынан баласы бар екенін біліп қойған әйелі оны тастап кетеді. Дәл осы секілді жағдай біздің елімізде де болған. Қалталы азаматтың әйелі өз үйлерінде жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істейтін өзбек жігітпен ойнас жасап, соңы үлкен жалжалға әкелгені бар. Дегенмен біздің халқымыздың менталитетіне отбасы ошақ қасындағы әңгімені сыртқа жария ету тән емес. Сондықтан әсіресе атақты адамадр өздерінің отбасындағы үй қызметкерлері туралы айта бермейді. Біз үй қызметшілері туралы сұраған көптеген өнер иелері, оның ішінде қыз-келіншектер шын ба, өтірік пе, үй тірлігіне де, шығармашылққа да өздері үлгеретіндері айтты. Алайда үй қызметкерлерінің атын атап, түсін түстемесе де, ағынан жарылып, осы тақырыпқа қатысты пікір білдіргендері де бар.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі: – Мен ешқашан үй күтушісін ұстаған емеспін, ұстамаймын да. Өз үйімнің тірліктерін әлі күнге дейін өзім тындырамын. Балаларымның тамағын жасау, асын әзірлеу, киімін жуу маған ауыр емес. Өйткені мен ең алдымен анамын, әйелмін.

Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі: – Қазір үйімнің тірлігімен өзім айналысып жүрмін. Қызым Мерейдің де жағдайын өзім жасаймын. Бұрын бірнеше рет үй күтушісін алғанмын. Бірақ бөтен адам бәрібір бөтендігін жасайды екен. Соңғы үй күтушіме жалақысынан бөлек барынша жағдай жасадым, кредитін төлеп беріп, туған-туыстарына көмектестім. Бірақ ол өзінің міндетін ұятымен атқарған жоқ. Уақыт өте келе оның үй тірлігін жүрдім-бардым жасайтынына көзім жетті де, оны қызметінен босаттым.

Бақыт Шадаева, әнші: – Әрине, өнер адамының үй тірлігіне уақыт таба алмайтыны рас. Өзім де бір мезгілдерде үй қызметшісін алғанмын. Бірақ шынымды айтсам, үйде бөтен адамның жүргенін қабылдай алмайды екенмін. Өзімнің үйімде өзім жүре алмайтындай күйге жеттім. Сондықтан қазір үй күтушісін қажетсінбеймін.

Сұрастыра келе, өнер жұлдыздарының көбінде үй күтушілері бар екенін білдік. Біз сұрастырған қыз-келіншектердің ішінде әнші Қарақаттың, ақын Айнұр Тұрсынбаеваның, Ақбота Керімбекова, Гүлнұр Оразымбетова үй күтушілерін ұстайды екен. Аталған қыз-келіншектердің ішінде Айнұр ханымның айтуынша, өзінің мінезіне үй күтушілері шыдай бермейтін көрінеді. «Шыдамсызбын, көңілім толмаған жағдайда тік айта саламын. Сондықтан үй күтушілері шыдай бермейді, жиі ауысады» дейді ақын. Қарақаттың да үй күтушісінің көмегін қажетсінетіндей жағдайы бар. Өйткені бала күтімі мен үй тазалығын қатар тындыру мүмкін емес. Алайда Қарақат ханым қолы қалт еткенде ас үйде небір тағамдарды өзі әзірлейді екен. Сондықтан да болар Қыдырәлі мен Қарақаттың үйінен қонақ үзілмейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста