ӨНЕРІ САХНАДА, ӨЗІ САХНА СЫРТЫНДА...

ӨНЕРІ САХНАДА, ӨЗІ САХНА СЫРТЫНДА...

Театрдағы қойылым біткеннен кейін марапат та, мақтау да ең алдымен режиссерге, одан кейін әртістерге айтылып жатады. Олардың көрермен қошеметіне бөленуі занды да. Ал, қойылымның көрермен көңіліне жол табуына атсалысқан сахна сыртындағы алтын қолды шеберлер назардан тыс қалып қойып жатады. Айтпағымыз сахна кеңістігін қойылым ауқымына қатысты түрлендіріп, оның ырғағы мен мәнін арттырып жүрген театр суретшілері жайлы. Спектакльдің керемет шығуына қомақты үлес қосып жүрген сахна суретшілерінің еңбегіне қатысты «Алаш айнасы» өз ойын ортаға салып көрген еді.
Қалтөре Жұмақұлов Оңтүстік Қазақстан облыстық Жұмат Шанин атындағы сазды драма театрының бас суретшісі болып қызмет атқарғанына 30 жылға жуықтап қалыпты. Шымкенттегі Ә. Қастеев атындағы көркемсурет училищесін бітірген кейін Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы театрда гримдеуші болып жұмыс істеп жүрген жұбайы Бейсенкүлді іздеп барған кезінде театр басшылары қолқалап алып қалады. Одан Кейінірек облыстық театрға ауысады. Кезінде Қ. Телжановқа еліктеп, еңбектерін зерттеп, сол кісі сияқты үлкен суретші болсам деген арманға иек артқан шеберге «Әу бастағы арманыңыз осы ма еді?» деген сауал тастадық.
«Өзім Төлеби ауданының тумасымын. Табиғаты тұнып тұрған Төлеби ауданының тауларын картинама арқау етсем деген мақсатым болған. Ол жақтың сұлу табиғатына көз тойдыра алмай, мөлдір бұлағының бал татыған суын ішіп, таза ауасын құшырлана жұтқан адамның тамсанбауы мүмкін емес. Осы әсем табиғаттың әрбір сәтін қалт жібермей үлкен еңбек жазсам, мөлдіретіп бере білсем ғой деген мақсат қана бар-тын менде. Бұл арманымның кенеп бетінде емес, сахна төрінен орын алатынын ол кезде қайдан білейін?! Театрдың сырлы да, құпиясы мол сиқырлы әлеміне кірдік те содан шыға алмай қалдық. Негізінде театрға бір кірген адам шыға алмайды дейді ғой. Турасында солай. Сахна сені сиқырлы жіппен байлап матап тастайды екен. Қызығы да көп, қиындығы да мол. Табиғатым солай ма, театр маған бірден жақын болып кетті. Осы жұмбақ әлемге бар болмысыммен ендім де кеттім. Спектакль бір-екі ғана адамның жұмысы емес, ол ұжымдық жұмыс. Қойылым барысында көбіне әртістердің еңбегі көрінеді. Ал сахна сыртында көрінбейтін қаншама адамның еңбегі бар. Қоюшы суретшілердің басқа суретшілерден айырмашылығы біздің суреттеріміз образ бейнелердің сахнадағы көрінісі. Біздің жасаған суреттеріміздің эскиздері спектакльдің өн бойында ойнайды. Бұлар да әртіс сияқты ойнайды. Безендірудің талабы сондай. Сахнаның артында фон сиқты ілініп тұрмай ол сахнада өмір сүруі керек. Біздің жасаған сахналық бейнеміз сол спектакльде ойнамаса, көрерменге әсер етпесе, сол спектакльдің қабылдануына бағыт бағдар беріп отырмаса онда декорация өз деңгейінде деп айта алмаймыз. Көрерменнің ынты шынтысымен көруіне, жан дүниесімен қабылдауына декорация жол ашады. Сахнаның безендірілуі сол спектакльдің атмосферасын жасайды. Сахна кеңістігі қойылымдағы жағдайды нақты әрі ауқымды суреттеуі тиіс. Біздер, яғни театр сутершілері жасаған сахналық бейне кең де көп қырлы ассоциациялық ойларды тудыруы тиіс, сахнадағы драматургиялық әрекеттермен бірлікте немесе қарама-қайшылықта өмір сүруі тиіс. Олар да актер секілді тірі организм. Көрерменннің ақыл ойымен эмоциясының құбылуы, толқуы, уайым шегуі сахнаның көркемдік бейнесінен нәр алып отыруы керек. Сахналық бейне дәл табылып режиссерлық шешіммен астасып, актер ойынымен қабысып жатса көрерменнің қойылымды жан дүниесімен қабылдауына жол ашады. Мұндай дәрежеге жету үшін театр суретшісіне тек суретті жақсы салу жеткіліксіз, ол сонымен қатар сахна құрылымын, сахна техникасын, жарық беру құралдары мен олардың мүмкіндіктерін жетік білуі тиіс. Театр суретшісі драматургияға, режиссерлық шешімге, қоластындағы қызметшілердің шеберлігіне, ең ақыры қаражатқа да тәуелді. Драматургиялық шығарманы оқып шығып, образдық бейнесін табу жолында режиссермен біріге жұмыс жасайсың. Бұл қиын да қызық құбылыс. Пьесаның астарын, айтайын деген түпкі ойын іздейсің, оның тұлғалық бейнесін таппай күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырыласың. Таптым деп қуанып, өкпеңді қолыңа алып жүгіріп келген кезде режиссердың, не көркемдік кеңестің сын садағына ілігіп, быт-шыты шығып жататын кездері де болады. Ақыры сахналық бейне табылып, енді оны іске асыру барысында алдыңнан кесе көлденең шығатын түрлі кедергілер жүйкеңе тиеді. Уақытпен санасуды қоясың. Басқа мамандықтың иелері кешке дейін жұмыс істеп кабинеттен шыққаннан кейін бәрін ұмытып кетеді, ал біз үнемі ой үстінде жүреміз. Миың демалмайды. Өзіңмен өзің ой қуалап кетесің. Кейде түсіңе кіріп, мазаңды алады, ұйқыңды қашырады. Одан кейін қашан оны сахнаға шығарғаныңша тағы тыпырлайсың. Өзімше картина салғым келеді., бірақ театрдағы жұмысым оған мұрша бермейді. Басқа суретшілер сияқты еркін емеспіз. Алғашқы кезде осы спектакль біткеннен кейін басқа жұмысқа ауысамын деп ойлайтын едім. Өзіңмен өзің бір жерде сурет салып отырсаң, ешкімге тәуелді емессің деген арманға иек артатынмын» дейді хас шебер.
Расында кісендеп қойғандай кете алмайтыны рас. Өйткені творчество дейтін асқынған, айықпас дерті бар. Кескіндемешіні салған картинасына, мүсіншіні сомдаған мүсініне, қол өнер шеберін жасаған бұйымдарына қарап бағалайды. Ал, театр суретшісінің жұмысын сахнаның безендірілуімен, әсерлілігімен, қойылыммен үндестігіне қарап бағалайды. Бұл жағынан алғанда Қалекең қамшы салдырмайды. Бір қарағанда қарапайымдау көрінетін жұмыстың астарында қаншама сыр мен ой жатыр. Спектакльдің негізгі түйінін, айтайын деген ойын ашу үшін декорацияның алар орны ерекше. Ол оңай ұстата салатын құс емес, үлкен шеберлік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бұрынырақта жұмыс істеу оңайырақ болғанын да жасырмайды. Орталықтан тай-тай мата, басқа да керек жарақтар қажет қажет емес заттар жіберіліп, қоймада үйіліп жататын. Қазір нарық заманы әр затты орнымен пайдалануға тура келеді. Керекті маталарды кейде базардан да сатып алады. Қойылымға жұмсалатын шығын да әрқалай, сахналық безендіру шешіміне қатысты. Мәселен, жуырда ғана үлкен жетістікпен өткен Д.Исабековтың «Мұңлық Зарлық» пьесасына 1 миллионға жуық қаржы жұмсалса, С. Ахматтың «Шойын қатын» атты қойылымына 12-ақ мың теңге жұмсалыпты. Оның да өзіндік сыры бар. Сахнаны безендіру үшін қолда бар құралдарды пайдаланып, қалғанына көшедегі қураған ағаштар іске асып жатыпты. Ал, «Мұңлық Зарлық» пьесасында сахнаны безендіру үшін Арыстың жағасынан қамыс орып әкеліпті. Қамыстан тоқылған шилер қойылымның ауанын беруге, эпостық жырдың бейнесін жасауға үлкен жәрдемін тигізген. Ши тоқу да шеберлікті талап ететін дүние. Қоластындағылардың бәрі қалада өскен балалар. Ебін келтіре алмайды. Әдісін білмегеннен кейін қиын ғой. Шебер шешесінің ши тоқығанын кішкене кезінде көргені бар екен. Бір тоқып бітірген кезде шилері сахнада шашылып қалыпты. Оны қайтадан тоқуға тура келген. Күні кеше «Қайыршы мен бала» атты спектакльді қойылды. Әртістерге кигізетін ескі киім табылмапты. Ақыры «Секонд хенд» дүкендерінен алуға тура келген.
Театр безендірушісінің көңілін қабаржытатын мәселелер де жетерлік. Театрға жалақысы аз болғаннан кейін мамандардың келуі де қиын көрінеді. Нағыз мамандар ақшасы көп жерде істегісі келеді. Келгендер көпке тұрақтамайды. Жаңадан келгендерді тәрбиелеуге алтын уақыттың кетіп жатқаны...
Б. Вахапзаденің «Көктүріктер» спектакльінде Қ.Жұмақұловтың қолынан шыққан безендіру жұмысы сахна шырайын ашып, оның атын шығарған еді. Қойылымның негізгі мақсаты елдің бірлігі үшін күрес, іштен, сырттан аңдыған жаумен айқас, опасыздықпен күресті көрсету. «Басы барды – идірдік, тізесі барды – бүктірдік» деген түрік қағанатының алауыздыққа бой алдырып, тақ тартысының өршіп тұрған кезеңі қойылымда көрініс табады. Сахналық тұлғалық шешімі бүкіл сахна кеңістігін қамтыған жер шары іспеттес алып киіз үй. Тақ таластан әбден тозығы жеткен киіз үй, кереге жағалай есік іспеттес ойықтар. Қалаған жеріңнен кір де жаулай бер. Суретшінің тапқан шешімі осыны айтады. «Көктүріктер» қойылымын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түкістанға келген сапарында көріп, жоғары баға берген болатын. Еңбегінің еленгені де ерге сын. Мұхтар Әуезовтың «Еңлік Кебек» пьесасы Әзірбайжанда өткен халықаралық театр фестивалінде безендірілуі жағынан 1-ші орынды иеленді. Ал, Ш. Айтматовтың романы бойынша Е. Оразымбетов инсценировкасын жазған «Жанпида» қойылымы Бішкекте өткен халықаралық театр фестивалінде «Ең үздік сахна безендіруі» номинациясын жеңіп алды. Бұл марапаттың бәрі да сахна шеберінің шабытын шалқытатыны сөзсіз. Қалекең театрдан бөлек М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің режиссура факультетінде безендіру ісі бойынша сабақ береді. Республикалық «Менің Қазақстаным», «Арай» ән байқауларының сахналық безендірулеріне ат салысқан. Есте қалған жәй Арыс өзенінің үстінде өткен «Менің Қазақстаным» ән байқауының сахналық безендіруіне риза болған сол кездегі облыс әкімінің орынбасары болған Дархан Мыңбай мырза Шәмшіның суреті бар сағатты сыйға тартқан еді.
Сахна майталманының айтар сыры осы. Айтылған жәйден еліміздегі бүкіл театр суретшілерінің еңбегін білуге болады. Қаншама қиын да күрделі өткелектерден өтіп барып сахна төрінен орын алатын дүниеның түбіне тереңірек үңіліп көрдік пе? Расында сахна суретшілерінің еңбегін өз деңгейінде бағалап жүрміз бе, осы? Ойланатын, ойлантатын мәселе...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста