Өнерлі өңірдің өрісі кеңейеді

Өнерлі өңірдің өрісі кеңейеді

Жылдан-жылға Сыр өңірінде өнердің өрісі кеңейіп келеді. Бүгінгі күнге дейін «Сырдария кітапханасы» сериясы бойынша жергілікті қаламгер қауымының шығармалары оқырманға жол тартты. Өнері өрісті аймақ тағы да бір игі істі қолға алмақшы.

Алдағы уақытта облыста «Сыр – Алаштың анасы» атты тарихи-танымдық жинақ елдің игілігіне айналатын болады. Онда өңірдің ұлт діңгегі бола білген өркениетін, күллі түркі жұртының абызына айналған Қорқыт атадан бастау алатын қастерлі мекенжайында жан-жақты баяндауға көңіл бөлінеді. Бұл жайлы облыс әкімі Болатбек Қуандықов аймақтың белгілі шығармашылық өкілдерімен кездесуінде мәлім етті.

Сыр өңірінде белгілі ғалымдардың еңбектері де назардан тыс қалған жоқ. Бүгінгі күнге дейін 206 ғылым докторының көз майын тауысып жазған дүниелері жинақталып, көпшіліктің көзайымына айналды. Тағы бір жан жадыратар жаңалық – Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты шығармашылық өкілдері арасында 20 номинация бойынша байқау өткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта жүзден жүйрік атанған өнер өкілдері қомақты сыйлыққа ие болады.

Жүздесуде облыс басшысы: «Биыл не істейміз, қандай жоспарымыз бар дегенді ортаға салдық. Осылайша жыл сайын сіздермен кездесіп, алдағы жобаларды айқындайтын боламыз», – деді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста