Оңтүстік мұрасын елордадан көреміз

Оңтүстік мұрасын елордадан көреміз

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайы Астанадағы ҚР тұңғыш Президентінің мұражайында 25 маусым мен 25 шілде аралығында арнайы экспозициялар көрмесін ұйымдастырмақ. Бұл бастама «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» атты бағдарлама аясында еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылатын болады.

Осылайша әр бір аймақтың елорда тұрғындарына өз дүниелерін паш етуге мүмкіндіктері туып отыр. Аталған көрмеге оңтүстіктегілер 1974 жылы табылған «Отырар көмбесі» деп аталатын қордағы алтын монеталар мен күміс әшекейлерді апармақ. Ал түркістандық мұражай қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарына ортағасырлық Қазақстан туралы баяндайтын ерекше археологиялық олжаларын ұсынбақ. Астаналық мұражайдағы арнайы көрмеге оңтүстік мамандары Қажымұқан Мұңайтпасовтың өміріне байланысты экспонаттарды да ала бармақ. Көрмеге әлемдік спорттың аңызына айналған палуанның классикалық күрестен әлем чемпионының жарысына көрермендерді шақырған 1904-1913 жылдарғы афишалары қойылмақ. Бұған қоса Қажымұқанға тиесілі әйгілі «Сигизмундтың белбеуі» де көрме сөресіне қойылады деп күтілуде. Поляк билеушісі Сигизмунд өзінің корольдік белбеуінен төрт алтын тақтайшасын алып, оны Қажымұқанның белбеуіне таққан. Ол сол арқылы Қажымұқанды күштілердің патшасы, және Арыстан мен Күн орденінің иесі ретінде мойындаған. Ал ол орденді Қажымұқан 1909 жылы парсы шахы Пехлевидің қолынан Парсыдағы әлем чемпионатындағы жеңісі үшін алған. Бұл құндылықтарды шетелден өзі белгісіз болып қалғысы келген кәсіпкер сатып әкелді. Одан басқа, оңтүстікқазақстандық 20 суретші елордадағы мұражайда 25 жұмыстан тұратын үлкен сурет галереясын ашпақ. Экспозициялық көрменің тағы бір ерекшелігі – онда XVII және XIX ғасырдағы қазақ жауынгерлерінің қаруы мен сол кездегі зергерлік бұйымдарды тамашалауға болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста