Оңтүстік жастары Ninety one тобына қарсылық білдірді (видео)
Ғаламторда "Оңтүстік жастары 91 Ninety one тобына қарсы" деп аталатын бейнеролик пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz.
Онда шымкенттік қыз-жігіттер аталған музыкалық ұйымның ешкімге ешқандай тәрбие бермейтінін, қайта керісінше, елді бұзатынын, ерсі киімдері намыстарына тиетінін айтқан. Десе де, видеоның астында әр жақты пікірлер айтылған. Біреулері осы қарсылардың өзіне қарсылық білдіреді. "Сендер осылай өз қазақ бауырларыңды артқа қарай тартып , аяқтарынан шала беретін болсаңдар, онда мына бізді, "қазақтарды", ешкім қолдамайды. "Болар елдің баласы - бірін-бірі батыр дейді, болмас елдің баласы - бірін -бірі қатын дейді" деген қазақта мақал бар. Оңтүстіктің жастары деп бүкіл адамның атынан сөйлегендеріңе жол болсын" деп жазады Maksim Mkmd есімді қолданушы.