Оралдағы қазақ театры 20-ға толады

Оралдағы қазақ театры 20-ға толады

Биыл Жайық өңірінде Қазақ драма театрының ашылғанына 20 жыл тол­мақшы. Өнер ордасын ашу түгіл, жан бағудың өзі қиындап кеткен 90-жылдары, нақты айтқанда, 1993 жылы дүниеге келген театр ал­­ғашында қаланың шетіндегі жөндеу зауытының мәдениет үйіне қо­­ныстанған-тын. Ескі ғимаратты театр сахнасына ыңғайландыру жұ­мыстары қойылым ре­петицияларымен қатар жүргізілді. Сөйтіп, 1993 жылдың 16 желтоқсанында – тура Тәуелсіздік күні театр М.Әуе­­­зовтің «Қарагөз» трагедиясымен шымылдығын ашып еді. Сол күні театр­дың 500 орындық залына сыймаған халықтың жартысы іштегі кө­рер­менді күтіп жүріп, сыртта, қақаған суықта қой сойып, дастарқан жа­йып, ұлан-асыр той жасағаны әлі есте.
Орал театрының  аяғынан тұрып кетуі үшін елі­міздің түкпір-түкпірі­нен 20-ға жуық кә­сіби маман шақырылды. Атап айт­қан­­­­да, сол кездегі артистер­дің ба­сын құ­рап, театр­дың тарихындағы ал­ғаш­қы қо­йы­лымдарды сахналаған ре­­­­жис­­­­серлер Жам­былбек Есенбеков пен Ел­­­кен Жыл­қы­ши­нов – Арқалық­тан, ҚР еңбек сі­ңір­ген ар­тистері Қайып­бер­ген мен Ша­һар­бану Есенқұ­ловтар – Жез­­қазғаннан, театр­дың ал­ғашқы ди­­ректоры әрі артист Амантай Сұл­­тан­ғалиев пен ҚР Халық артисі Гүлнар Жа­­қы­пова – Атыраудан, Мұрат Ахманов пен Ха­зима Нұғманова – Талдықорған­нан, жас түлектер Боранбай Молдабаев, Жан­­кел­ді Тілекқабылов, Айнұр Тіле­бал­диева (Жү­гінісова) – Алматыдан, Мық­ты­бай Жы­лыбаев – Қызылордадан, Темір­бо­лат Есен­ғалиев – Шымкенттен, Сайлау Сем­­баев, Сәтқали Әуелбаев – Атыраудан, Тель­­ман Имашев, Гүлбар­шын Әбішева, Би­­бігүл Иса­лиева, Мұсағали Бектенов, Бақ­­­тыгүл Жақыпова Оралдан және облыс ау­дандарынан келді.
Қысқа мерзім ішінде театр ұжымы жа­ңа буын артистермен толығып, кәсіби өнер ор­дасына айналды. Олай деуі­міз­дің дәлелі, ша­ңырақ көтергеніне небәрі бес жыл бол­ғанда театр ұжымы алғаш рет Та­раз қа­ла­сын­да өт­кен VІ рес­пу­бли­ка­лық театрлар фестиваліне қатысып, С.Асыл­­­бе­­ков­тің «Бір түнгі оқиға» (ре­жис­сері М.Ах­манов) дра­масымен фес­ти­валь­дың бас жүлдесін қан­жы­ғасына бай­лап қайт­ты. 2003 жылы  Орал қа­­­ла­сын­да ұлы Махамбеттің 200 жыл­­­ды­ғына ар­­­налған ХІ респу­бли­ка­лық театрлар фес­ти­­валінде Иран-Ға­йып­тың «Махамбет» тра­гедиясымен І орынды же­ңіп алды. 2008 жы­лы Ақтау қаласында өт­­кен ХVІ рес­пу­бликалық театр­лар фес­ти­ва­лінде режиссер Мұ­­­қан­ғали То­ма­нов­тың «Ка­ли­гу­ла» қо­йы­лы­мы «Ең үздік де­бют» аталымына ие бол­ды. 2012  жыл­дың қа­­зан айын­да Қоста­най­да өткен І.Ома­ров­тың 100 жыл­­­дығына ар­налған рес­пуб­ли­ка­лық театрлар фес­ти­ва­лі­не Г.Го­рин­нің «Атың өшсін, Геро­страт!..» тр­а­­­­­­ги­­­­ко­медия­сымен (ауд. Қ. Тө­­ле­уішев, реж. М.Томанов) қа­ты­­сып, же­ті ата­лым бо­­­­­йы­н­­ша жеңім­паз атан­­ды. Ай­та берсе же­тістік аз емес.
Мұрат АХМАНОВ, ҚР еңбек сіңірген артисі, режиссер, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы:
– Ашылғаннан кейін де қанша­ма қиын­дық болды. Екі жылдан кейін ре­жис­­сер­ле­ріміз кетіп қалып, қо­йы­лым­дар­ды үлкен тә­уекелге барып, өзіміз қоюға мәжбүр бол­­­дық. Бірақ, шүкір, театр жа­был­ма­ды, қиын кезеңнен аман өттік. Орал теа­тры­­ның менің өмірім­дегі орны ерекше. Шы­­ғарма­шы­лы­ғыма, отбасылық өміріме де үлкен өзгеріс алып келді. Егер сол кезде Тал­дықорған театрынан Оралға кетіп қал­мағанымда, театрда әлі қатардағы актер бо­лып жүре берер ме едім, кім біледі?! Ре­жис­сер болар ма едім, жоқ па? Қазіргі биі­гіме жетуіме Орал театрының ықпалы өте зор.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста