Оралдық оқырмандар Оралханды оқиды

Оралдық оқырмандар Оралханды оқиды

Кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруды көздейтін «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл да жалғасын тапты. Оралдағы Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана мен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті осы шара шеңберінде көрнекті қаламгер, Мем­лекет­тік сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің шығармаларына арналған оқырмандар конференциясын өткізді.
Конференцияда БҚМУ ғалымдарының осы туындыны ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдаған баяндамалары тыңдалды. Әдебиеттанушы Серік­қали Шарабасовтың айтуынша, Қазақ елінде бұл шара 1914 жылдан бастау алған. Біздің еліміздегі алғашқы шараны 1914 жылы Нәзипа Құлжанова Абай шығармаларын дәріптеуге арнап өткізген екен. Ғалым баяндамасында биылғы жыл кітабы – «Қайдасың, қасқа құлыным?» жинағындағы шығармаларына талдау жасады. Университет до­центі, профессор Рита Сұлтанғалиева О. Бөкей шы­ғар­маларына талдау жасай отырып, қаламгер прозасындағы психологизмнің, шығар­ма­ла­рын­дағы мифтік сананың көрінісі, суреткердің фи­ло­софиялық тұжырымдарына тоқталды. «Бөкеевтің кейіпкерлері – жан дүниелері бай, рухани биік, бостандық сүйгіш, арманшыл, қиялшыл адамдар қатарынан, оларды бір-бірімен жалғастыратын ортақ қасиет – қиын-қыстау жағдай туса да, жаны мен арының ақтығын сақтап, адамдық қасиетін жоғалтпайтындығы. Оларды толғандыратын ортақ ойлар – адам болмысының құпиялылығы мен жұмбақтығы, рухтың мәңгілік мәселелері, рухани құндылықтар. Оралхан шығармалары роман­ти­ка­лық прозаның да үздік үлгісін көрсетеді», – дейді зерттеуші. Көркем әдебиеттің қадір-қасиетін дәріптеген оқырмандар конференциясында уни­вер­ситет студенттері Оралхан Бөкей прозасынан үзінділер оқыды. Ж.Молдағалиев атындағы облыс­тық ғылыми-әмбебап кітапхана атынан кон­фе­рен­ция қатысушыларына Алғыс хаттар мен Оралхан Бөкейдің кітаптары сыйға тартылды.
Ганмиркүн ТҰРҒАНАЛИЕВА, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дің магистр-оқытушысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста