"Ораза ұстамауымның жақсы себебі бар": Желідегілер Еркенің аяғы ауыр деп болжауда

"Ораза ұстамауымның жақсы себебі бар": Желідегілер Еркенің аяғы ауыр деп болжауда

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан осы жылы Рамазан айында ораза ұстамайтынын айтты. Өнер иесінің сөзінше, оның бір жақсы себебі бар. Желі қолданушылары бірден эстрада жұлдызының аяғы ауыр деп болжауға кірісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ерке Есмахан мен "Ninety One" тобының бұрынғы әншісі Азамат Зенкаевтың қарым-қатынасы әрдайым ел аузында. AZ лақап атты рэп орындаушымен кездесіп жүргенін Еркенің өзі әлеуметтік желіде растаған болатын.

 

Өнер иесі соңғы кезде Instagram парақшасында жанкүйерлеріне барынша ашылып, жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісе бастады. Мәселен, әнші ешкімге жарияламай-ақ тыныш қана тұрмысқа шығып кеткісі келгенін айтты. Алайда, таңдауы танымал тұлға болғандықтан бұл жайт мүмкін емес екенін алға тартты.

 

Эстрада жұлдызының соңғы фотоларынан көпшілік оның саусағындағы сақинасын байқап, әртістердің жасырын үйленіп алғанын топшылады.

 

Ал бұл жолы жаңа жазбамен бөліскен Ерке оқырмандарын тағы да ойландырып қойды.

 

 

"Рамазан айының бірінші күні! Ауыз ашып, рахаттанып отырсыздар ма? Ас болсын! Ниеттеріңіз қабыл болсын! Ал мен биыл ораза ұстамадым. Оның бір жақсы себебі бар. Бірақ ауызашар жасап, сауап жинаймын, бұйырса! Құлшылық айы қабыл болсын! Әр отбасында береке, татулық, молшылық болсын. Алла әрбір жанға мықты денсаулық, жақсы табыс берсін. Осы ораза оң өзгерістердің бастауы болсын" , - деп жазды өнер иесі.

 

 

Желі қолданушылары бірден Ерке Есмаханның сәби күтіп жүргенін болжады. Олар әншінің ораза ұстамауының себебі жүктілігінде деп ойлайды.

 

"Оның себебін тоғыз айдан кейін білетін боламыщ" , "Керемет жаңалық, сіз кішігірм екі қабатсыз ба?", " Жақсы себеп деп отырғаныңыз жүктілігіңіз ба?", " Аяғы ауыр әйелдерге ораза ұстамауға болады ғой иә?" , "Адамды қызықтырып қойдың ғой" , "Толып кетіп едің. Себебі осында екен", "Ерке жақсы жаңалық күтеміз" , "Жеңіл босануыңызды нәсіп етсін" , - деп жазуда халық.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста