Өркениеттер диалогы: сұхбат па, тайталас па?

Өркениеттер диалогы: сұхбат па, тайталас па?

Дүниеқорлық пен тойымсыздыққа бой алдырған адамзат бүгінде тек қаржылық дағдарысқа ғана емес, рухани дағдарысқа да ұрынып отыр. Баз біреулер мұндай тығырықтан шығудың жолы әлем өркениеттерінің сұхбаттастығы деседі. Алайда бас-басына белгілі бір мақсаттарды көздеген түрлі өркениеттердің бір-бірімен тату сыңай танытып, өзара жүргізе бастаған диалогтарының адамзатқа тигізер пайдасы қаншалықты?..
Біз қазір әлемде өркениеттер диало­гы жүріп жатыр деп өзімізді-өзіміз жұ­батқандай боламыз. Ақиқатын айтсақ, бұл өмір­­де өркениеттер күресі толас­тай­тын тү­рі жоқ. Өйткені «әлемді мен билесем, ме­нің үстемдігім жүрсе, тек менің өрке­­ние­­тім өрлей берсе, ала берсем, жаулай бер­сем, жайлай берсем» деген алпауыт елдер тек өз мүддесін алға қоятыны анық. Сон­дай-ақ әр елдің мәдениеті мен өрке­ние­ті тари­хи құбылыс ретінде өзіндік ерек­шеліктері мен қажеттіліктеріне сай қа­лыптасатын бол­ғандықтан, әлемде өркениет­тердің тай­таласы жалғасып келеді. Ал өр­ке­ниет­тер диалогы адамзатқа теңдік пен бауыр­малдық әкеледі деген – тек біржақ­ты пікір. Шындығында, мұндай диалог кү­ші ба­сымдар мен азулы мықтыларға өз мүдделерін іште сақтай отырып, деген­де­­­ріне жетуге септігін тигізбек. Олар ха­лық­­ара­лық қатынастарды бейбіт түрде реттеген­сіп, түбінде мәртебелерінің үстем болуын көздейтіні хақ. Шығыста аждаһа Қытай өз күшіне бек сенеді, Батысың озық тех­но­ло­гиясымен әлемге үстем­дік еткісі келсе, АҚШ пен Ресей айлаға баса­ды дегендей, бас­қа да алпауыттар­дың әйтеуір сенетін бір тіректері бар. Ал біз немізге сүйене­міз?.. Ертең-ақ таусыла­тын мұнайға сенеміз бе, әлде байлығы игерілмей бос жатқан да­ла­мызға сенеміз бе? Экономикасы, әлеу­мет­тік жай-күйі әлсіз, мәдениеті мен өрке­ние­ті де мәз емес бізбен кім санасады? Ға­сырлар бойы қазақ халқы мекен еткен кеңістікте дала өркениеті қалыптасқан. Алайда біз заманның ағымымен, Батыс­тың сыр­қатын жұқтырып, солардың жо­лы­на тү­сіп өрлейміз дегенді өзімізге же­леу етіп ал­ған­даймыз. Иә, біз өркениет кө­шінен қал­мау керекпіз, басқалардың тә­жі­ри­бе­сімен бөлісіп, өзімізге керегін алу­ға да ұм­тылғанымыз жақсы. Бірақ қазақ же­рінде қазақ пен қазақ өз тілінде тілдесе алмай, еліміздегі қала мен ауылдың бай­­ланысын ретке келтіре алмай, тарихы­мыз­­ды зерттеуде біріміз – ары, біріміз бері тартып, ауызбірлігіміз болмай отыр­ғанда әлемдік өркениетке қандай үлес қос­пақпыз? Сондықтан, ең алдымен, «біз кім­біз» дегенді айқындап алмасақ болмас.
Біз кімбіз? Бүгінде осы сұраққа басқа тұрмақ, өзіміз бас қатыратын болдық. Неге? Себебі, ойланбастан «қазақпыз» деп жауап берейік десек, сыртқы тұлғамыз да, ішкі дүниеміз де қазақылықтан алшақтап бара жатқандай. Киіміміз – еуропаша, санамыз – америкаланған, тіліміз – ала-құла, дініміз – түрлі-түрлі, діліміз – әлсіз, мәдениетіміз жансыз болып тұр. Осындай күйде тұрған халқымызды өзге тұрмақ, өзіміз құрметтейміз бе? Сыртымыз жылтырап, ішіміз қалтырап, қалт-құлт етіп тұрған еліміз жаһандануға жұтылып кете барады.
Ерлан Сайыров, Мәдени саясат және өнертану институтының директоры:
– Еуразия кеңістігіндегі елдер мәдени сан алуандықты сақтауға ұмтылулары қа­жет, бiрақ сонымен қатар өздiгiнен оқ­шау­­лану әрекеттерiнiң әрқашан мәдени то­­қыраумен аяқталғанын ұмытпаған жөн. Сондай-ақ аймақтық ынтымақтастық ар­қы­лы еуразиялық кеңiстiк, бiр жағынан, жа­­һандану үдерiстерiне белсендi қатысуға жә­не екiншi жағынан, оның керексiз салда­­рын түзетуге мүмкiндiк алады. Дү­ние та­ры­­­лып, ал байланыстар барған сайын қар­­­­қындана түскен жағдайларда, елдер ара­­­сын­дағы өзара ықпалдастық қажеттi­­­лiк­­ке әрi оның үстiне жалпыәлемдiк да­му­­­дың мәнi мен қисынына айналады. Әйт­се де мынаны мойындау керек, мемлекетаралық мүдделердi үйлестiрудiң құ­қық­­­­тық тетiкте­­­рi шалалығын ескерген­­де, ын­ты­­­мақтас­­тықтың пайдасы бұ­дан да көп бо­лар едi. Сонда да болса еуразиялық өзара ық­пал­дастықтың тә­жi­рибесi, осы аймақ­қа кiретiн халықтар мен елдердiң эко­номикалық және мәдени мүдделерi үн­дес­тiгiнiң бiре­гей мысалына айналуы мүм­кiн. Бұл орайда, Шығыс пен Батыс ара­сын­дағы диалогты және өзара түсi­нiс­тiктегi жаһандық деңгей­де ны­ғайтуға Қа­зақ­станның Еуропадағы қауiп­­сiз­дiк және ын­тымақтастық жөнiндегi ұйымға 2010 жы­лы төрағалық етуi де бi­ре­гей мүмкiндiк бе­ре­дi.
Осының барлығы жеке аймақ және мем­лекеттерде мәдени жаһанданудың ке­­леңсiз жақтарына жауап беру тетiктерiн қа­лыптастырып жатыр.

Қаперге
Өткен ғасырдың 80-жылдарының со­ңында «қырғиқабақ соғыс» аяқта­лып, АҚШ пен Кеңес Одағы арасында­ғы қарым-қатынастар ретке келе баста­ды. Бірақ философтар көп ұзамай Шығыс пен Батыс өркениетінің теке­ті­рес­ке түсетінін, соқтығысатынын бол­жа­ды. 2000 жы­лы Ислам әлемінің көр­нек­ті көш­­­бас­­шыларының бірі, Иран прези­ден­ті Хаттами бұл текетірестің алдын алу үшін қарама-қайшылықтарды диа­­лог арқылы шешуді ұсынды. Бұл идея ЮНЕСКО-ның бағдарламасына енгі­­зіліп, он жылдан бері жұмыс істеп келе­ді.

Ой-түйін
Қалай десек те, пиғылы мен ниеті түзу емес Батысқа барымызды көрсетіп бағу­ға ұмтыла бермей, әлемдегі өзіміздің мызғымас орнымызды белгілеп, алды­мен өз өркениетіміз бен руханиятымызды жолға қоюға тырысқанымыз жөн. Еура­зия­лық кеңістіктен бұрын Ортаазиялық кеңістікте Қазақстан өзін мойындата алса, ар жағында әлемдік өркениеттің де ауылы алыс емес. Сондықтан кез келген­нің жетегіне еріп кете бермей, халықтың көзін ашып, санасын оятып, жеке мүдде үшін емес, мемлекеттің, халықтың қамын ойлап, тілі бір, діні бір түркі жұртына ор­тақ өркениетке ұмтылуды мақсат етсек, құлдық санадан құтылар едік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста