Оркестрге Сегіз серінің есімі берілді

Оркестрге Сегіз серінің есімі берілді

Қызылжардың қазақ ұлт-аспаптар оркестрі Сегіз серінің атымен аталатын болды. Өңір зиялыларының ұсынысын облыстық мәдениет басқармасы мақұлдады.
Осыдан 13 жыл бұрын құрылған қазақ ұлт-аспаптар оркестріне «Есіл» деген атау берілген болатын. Осы уақыт ішінде оркестр тек облыста ғана танымал болып қойған жоқ, көршілес мемлекеттерге де гастрольдік сапармен бірнеше рет шыққан болатын. Бүгінде оркестр құрамында 40-тан астам музыкант бар. Оркестрдің ұстанған бағыты – ұлттық өнерімізді жан-жақты насихаттау.
– Ұлыларын ұлықтамаған ел жетім. Оркестрдің атын өзгерту де осы ойдан туындаған. Ұжымға халық композиторы Сегіз сері Бахрамұлының есімін беру орынды, – дейді зиялы қауым өкілдері. Сегіз сері шамамен 1818 жылы Қызыл­жарға қарасты қазіргі Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қожаберген жырау, Толы­бай сыншылармен үзеңгілес. Өз заманы­ның зарын жырлап, жоғын жоқтаған жан­дардың бірі.
Қайырлы ҒАФУРОВ, Сегіз сері атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі:
– Сегіз сері – ақындығы, композиторлығы, әншілігі жағынан ұлы тұлғалардың бірі. Оның үстіне, осы өңірден шыққандықтан, оның есімін беруді ұйғардық. Оркестр алдағы уақытта бабамыздың есімін жоғарыдан көрсетеді деп ойлаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста