Орыс жұртын қара домбыраның үніне ұйытқан қазақ баласы

Орыс жұртын қара домбыраның үніне ұйытқан қазақ баласы

«Құрманғазы, Дина секілді қазақтың атақты күйшілері шыққан еліміздің батыс өңірінің тумасы болғандығымнан ба, бала күнгі арманымның бірі қазақтың киелі домбырасының құдіретін өзге жұртқа таныту еді. Сол арманым орындалып, Новосібірдегі «Сібір жұлдыздарды жағады» («Сибирь зажигает звезды») халықаралық өнер фестивалінде домбырамнан төгілген күй тыңдаушыларды да, қазылар алқасын да тәнті етті», – дейді кешегі Біржан салдардың бүгінгі ізбасары, жас өнерпаз Біржан Бектасов.


Естеріңізде болса, осы мамыр айының 3-6-сы аралығында Ресейдің Новосібір қаласында «Сібір жұлдыздарды жағады» деген атпен халықаралық өнер фестивалі өткен болатын. Оған біздің елден де біраз бала ат қосқан еді. Солардың қатарында ел­ордадан жалғыз Біржан Бектасов қана өз күшімен осы фестивальға барып қа­ты­сып, Астананың мәртебесін асқақтатып қайт­ты. Өз күшімен, ниеттес досының қол­дауымен ғана барғандықтан болар, Бір­жан­ның бұл жүлделі жеңісі ақпарат ке­ңіс­тігінде лайықты аталмай қалыпты. «Ештен кеш жақсы»,  қазақты танытып жүрген бір өнерпазын Алаш жұрты да біле жүрсін деген оймен Біржанның өзімен сөйлескен едік.  Таныс болыңыздар, Біржан Бектасов – Батыс Қазақстан облысының Бөкей ор­да­сы ауданы Мұратсай ауылынан шыққан, қа­зақтың қасиетті қара дом­бы­ра­сының құ­діретіне өзге жұртты тәнті етіп жүрген жас өрен.
Біржан БЕКТАСОВ, Қазақ ұлттық өнер университетінің 2-курс студенті:
– Жалпы, мен бұл фестивальға му­зы­ка­лық аспап жанрында, оның ішінде соло, ас­папта орындау өнері бойынша 20-25 жас аралығындағылар санатында қатыс­тым. Бұл санаттың өзінде 30-дан аса өнер­паз шықты.  Конкурстың ере­жесі бойынша әр қатысушы 10 минуттан ас­пайтын екі шы­ғарма ойнауы керек бол­ды. Менің бі­рін­ші ойнағаным Пе­трен­коның №2 кон­цер­ті болды. Оны дом­бырада фортепиа­но­ның сүйе­мел­де­уімен орындадым. Ал екін­шіге қа­зақ­тың атақты дирижері, күйші-ком­по­зи­торы Нұрғиса Тілендиев ата­мыз­дың «Ба­ла мишка» күйін тарттым. Осы күй­дің құдіретіне тамсанған жұртшылық оны бір­неше рет қайта тартқызды. Сөй­тіп, бі­рін­ші орынды қазақтың дом­бы­ра­сы ие­лен­ді.

Сөз басында бүгінгі Біржанды кешегі Бір­­жан салдардың ізбасарына теңеуіміз бе­кер емес-ті. Оның домбырада күй тө­гіл­тіп қана қоймай, халық әндерін та­мыл­жы­тып, терме айтатын да өнері бар. Бір­жан­ның анасы 13 құрсақ көтерген екен. Со­ның ең кенжесі – Біржан алғаш дом­бы­ра­ны ал­ты-жеті жасында әкесінен үйреніп, 6-7 сы­нып­тарда ауылдағы Мәдениет үйі­нің қызметкері Алтай Исекешевтің же­тек­ші­лігімен аудандық жарыстарда терме мен күйден жүлделі орындар алып жүріпті.  Ал 2006 жылы Орал қаласы Құрманғазы атын­дағы саз колледжінің қазақ ұлт ас­пап­тары бөлімінің домбыра мамандығына қа­былданып, 2010 жылы үздік  бітірген. Сол жылы  Астана қаласындағы Қазақ ұлт­тық өнер университетінің  дәстүрлі музы­ка­лық өнер факультетіне түскен, қазір 2-курсында оқып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста