Орыстілділер қазақшаны оқулық арқылы үйрене ала ма?

Орыстілділер қазақшаны оқулық арқылы үйрене ала ма?

Әлбетте, қаржының басым бөлігі орыстілділерді қазақ­шаға оқытып-үйретуге жұмсалатыны анық. Біз бүкіл қажыр-қайратымыз бен қаражатымызды орыстілді­лер­ге қазақ тілін оқытып-үйретуге жұмсап, «солардан қайтсек еліміздің қазақтілді азаматтарын дайындап шыға­рамыз, ұлтымызға қайтіп қызмет еткіземіз» деп тыраштанып келдік. Кәне, нәтиже? Осы күнге дейін өз басым оқыту-үйретудің арқасында біздің тілімізді жақсы біліп шыққан біреуді көрсем, көзім шықсын. Бұл, әрине, өз пікірім. Алайда менімен көпшілік келіседі деп ойлаймын.
Біреулер біздің бұл пікірімізбен келіс­пей, «Тіл үйрету оқу-әдістемелік орталық­тары мен кәсіби орта және жоғары білімді орысша немесе ағылшынша беретін білім ошақтарындағы қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытып-үйрету пәнінің нәтижесі бар. Олардан мемлекеттік тілді үйреніп, жұмыс істей алатындар шығып жатыр» десе де, ондайларды қазіргі мемлекеттік қызметкерлердің арасынан еш таппай, тек телеарналардан қазақша сөйлеп жүрген бірен-саран өзге ұлт өкілдерін ғана алға тартары сөзсіз. Бұл дегеніңіз – өз-өзімізді көпе-көрнеу алдау ғой! Телеарналардағы қазақша сөйлеп жүрген өзге ұлт өкілдері сол қазақшасын оқу орындарындағы қазақ тілі пәнінің керемет оқулығы, үздік оқыту­шысы немесе олардың жаңа технология­ларға негізделген әдістемесі арқылы үйренген жоқ. Олардың барлығы – қазақы ортада туып-өсіп, тіл меңгергендер. Ондайлардың өзі де елімізде соншалықты көп емес.
Енді, «Осы мәселеге кереғар таза қа­зақы ауылда туып-өскен өзіміздің қаракөз­дердің орысшаны тез игеріп, сөйлеп кету­леріне не себеп болып жатыр? Олар мек­­теп­те оқы­тыл­ған орыс тілі пәні мен оның мұғалімінің арқасында орысша сөйлеп-жазуды үйреніп жатыр ма, әлде біз, қазақтар, тіл үйренуге ерекше қабілеттіміз бе, олай болса, орыс­тілді қандастарымыз «өз ана тілін» неге меңгеріп кете алмай жүр?» деген сияқты сұрақтар туындайды. Біздіңше, мектепте қазақтілділерге орыс тілін үйренудің негізі қаланса да, көп жағ­дайда одан тілді жатық біліп шығып жүр­ген­дер шамалы. Оларды да өмір үйретті, қажеттілік үйренуге мәжбүр етті. Тіпті кеңес­тік уақытта екі жыл әскер қатарында болғандардың басым көпшілігі ешбір оқытып-үйретусіз-ақ орыс тілін жап-жақсы меңгеріп оралатындығы да бұған дәлел. Бұл, әрине, қазақ мектебі оқушыларына орыс тілі немесе орыс мек­тебі оқушыларына қазақ тілі пәнінің пай­дасы жоқ дегендік емес. Бұл пәндердің әр жеке тұлғаның қарым-қабілетіне қарай берері мол екені анық. Бірақ бізге дәл қа­зір­гі уақытта қазақша аздап шүлдірлей­тін­дерді емес, нағыз қазақтілділердің санын арттыру маңызды болып тұр емес пе?!
Қазақ тілін тұтынушылар саны артса...
Меніңше, «Жергілікті атқарушы орган қызметшілері мен әлеуметтік жағдайы төмен қала тұрғындарынан тест алу және қазақ-ағылшын тілдерін үйрету курстарын ұйымдастыру және оларды қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету» деген сияқты т.б. мәселелерге қаржы бөлуді шектеу керек. Одан да оқушылары­ның және орта, жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының қазақ бөлімі студент­те­рінің санын арттырып, оларға білім-ғы­лым­ды, тәлім-тәрбиені қазақша беруге баса назар аударуымыз керек сияқты. Біздің ойымызша, сонда ғана қазақтілділер көбейеді. Бұл дегеніңіз – тілді тұтынушы­лар­дың саны артады деген сөз. Олардың саны артса, қазақ тіліндегі түрлі әдебиет­терге, газет-журналдарға, телера­дио ха­бар­ларына, ғаламтордың қазақша сайтта­рына т.б. ақпарат көздеріне деген сұраныс күшейіп, олардың таралы­мы, ақпараттары көбейеді. Қазақ ақын-жазу­шы­лары мен қазақ газет-журналдары оқыр­мандарға, қазақ театрлары мен теле­ар­налары көрер­мендерге, қазақша ғалам­тор тұтынушы­ларға қарық болады. Керісін­ше, тіл үйрету­ді қажет ететіндердің саны біртіндеп сел­ді­реп, «Оларға оны қалай үйре­те­міз, оқу­лық, оқу құралдарының сапасын қалай арттырамыз, оқытушылар­дың білім-біліктілігін қайтіп жетілдіреміз?» деген сияқ­ты ұшы-қиырсыз машақаттан құтылып, халық қаражатын нағыз ділгір жерлеріне жұмсар едік!
«Орысша-қазақша» емес, «қазақша-орысша»...
Тағы бір мәселе. Жуырда www.mtdi.kz сайтынан «Тілге бөлінген қаржы желге ұшып жатқан жоқ па?» деген мақаланы оқып отырып қайран қалдым. Онда «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» дайындаған  екі тілді сөздіктер жайы сөз болған. Сөздік­тердің барлығы «орысша-қазақша» екен. Осыған орай, біз оқырманның назарын мынаған аударғымыз келеді. Ол – сөздік­тердің кімге арналып құрастыры­луы. Орыс­ша-қазақша сөздік, негізінен, орыс тілін үйренушілерге арналады. Ал қазақ­ша-орысша сөздік, керісінше. Кеңес уақы­ты кезінде жаппай орыстандыру саясаты мақсат етіліп, орысша-қазақша, орысша-қырғызша тағы басқадай да сөздіктер көптеп шығарылатын. Біздің қазіргі сөздіктеріміздің көпшілігі – орысша-қазақ­ша сөздіктер. Демек, біз қазақ мектебін бітіріп, жоғары оқу орындарында қазақша білім алып жатқан студенттерді қазақша оқылған дәрістер арқылы алған білімдерін одан әрі толықтырып, бекітетін оқулық, оқу құралдарымен жеткілікті мөлшерде қам­тамасыз ете алмағандықтан, оларға жаңағы сөздіктердің, яғни орысша-қазақ­ша сөздіктердің көмегімен орысша түрлі әдебиеттерді оқуға итермелеп, мәжбүрлеп, бірте-бірте тілдерінің орыстанып, өз ана тілінен жеріп кетулеріне жағдай жасап жүрміз. Бір қарағанда, бұл да қаракөздерге орыс тілін жетік меңгеру үшін жасалып жатқан игілікті іс-шара, қамқорлық сияқты көрінуі әбден мүмкін, бірақ қазақ тілін оқытып-үйретуге арналмаған. Бұдан шығатын қорытынды – біздің бүгінге де­йін­гі сан алуан орысша-қазақша сөздік­теріміз еліміздің мемлекеттік тілі болып отырған қазақ тілінің өрісін кеңейтуге аса бір септігін тигізе қоймайтын сияқты. Біз қазақ тілін үйретіп-оқытуға қаншалықты мол қаржы жұмсасақ, соншалықты жақсы нәтиже көруіміз керек еді. Әзірге олай болмай тұр.

Бейбіт ИСХАН, Абай атындағы ҚазҰПУ әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ-дың ғалым хатшысы, ф.ғ.к., доцент

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста