«Оскар» сыйлығының иегерлері Әміре Қашаубаев туралы ағылшын тілінде фильм түсірмек

«Оскар» сыйлығының иегерлері Әміре Қашаубаев туралы ағылшын тілінде фильм түсірмек

Қазақстанда Әміре Қашаубаев туралы музыкалық фильмге түсу үшін кастинг жарияланды. Фильм ағылшын тілінде түсіріледі. «Moviq» кинокомпаниясының хабарлауынша, фильмнің продюсерлері «Оскар» сыйлығының иегерлері Кэри Грант пен Эд Джонс болады.
Фильм кезінде 8 музыкалық номер қойылымы болады. «Фильм ағылшын тілінде түсіріледі. Оған түсу үшін азиялық келбетті ер адамдарды (қазақ) кастингке шақырамыз», - дейді ұйымдастырушылар.

Кастингтің басты талаптары мына жерде көрсетілген.

Айта кетейік, Қашаубаев Әміре - қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты. 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінде этнографиялық концертте «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан», тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді.

«Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазса, Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаевтың әндері дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс тағы басқалар тарапынан жоғары баға алған. 

www.inform.kz/kaz/article/2856448

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста