"Ота жасатудан шаршадым": Серікбол Сайлаубек алғаш рет елге көзін көрсетті

"Ота жасатудан шаршадым": Серікбол Сайлаубек алғаш рет елге көзін көрсетті

Әнші Серікбол Сайлаубек жұрт алдына көзілдіріксіз шықты. Ол алғаш рет екі көзін көрсетті. Отаға дайындалып жатқан әнші көз жанарын қалай күтетінін айтты.
Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында айтылды.

Айта кетейік, әншінің бір көзі тумысынан көрмейді. Екінші көзі шамалап көреді. Оң жақ көзіне 4-рет ота жасатты. Дәрігерлердің арқасында бір көзімен әлемді көріп келгенін айтады.

"Бір көзім мүлде көрмейді, тек екінші көзіммен көріп келдім. Оның өзі 30 пайыз ғана көретін. Енді осы 4-отадан соң 80 пайызға жуық көруі керек. Бәрін Алла біледі ғой. Солай тілеп отырмын. Бір көзіме хрусталь салып, бірнеше жыл сонымен жүрдім. ЖАстықпен балалармен төбелестім, сол кезде мұрным сынып, хрусталь тайып кетті. Оның орнына силикон салды. Мұндайда мүлде ауыр көтеруге болмайды. Тез қимылдар жасауға болмайды. Бірде үлкен қызымды көтерем деп силиконды орнынан тайдырып алдым. Енді силиконды алып тастау керек болды", - деді әнші.

Серікбол Сайлаубектің көзіне екпе салып жатқан видеосы желіде тарады. Онда әнші қанша ауыр болса да, шыдамдылық танытып тұр. Әнші жалпы өз күтіміне, көзге ота жасатудан шаршағанын айтады. Себебі отаға дайындау, отадан кейін күтіну оңай емес. Одан кейінде үнемі сақтықты қажет етеді.

"Шынымды айтсам шаршадым, ота жасағаннан, көзімді емдегеннен шаршайсың. Бірақ амал жоқ, өмір бойы күресу керек. Сахнаға шығу керек. Мен мынадай денсаулықпен басқа еш жерде жұмыс істей алмаймын. Сондықтан өнерден алыстамаймын деп ойлаймын. Балам бар, анам бар, оларды асырау керек", - деді ол.

Әнші өзінің қалын сұрап келген, дұға тілеп жатқан барлық ағайын-туыс, дос-жарандарына, жақындарына, қазақ халқына алғысын айтты. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста