Отандық әнші өзінің гонорары 500 мыңнан басталатынын айтып, мақтанды
Нұрболат Абдуллин өзінің гонорары жайлы айтып берді. Отандық әншіні шақыру 500 мыңнан басталады деп хабарлайды «Talklike» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Нұрболат Абдуллин өзінің гонорары мен өнеріне қатысты ақпараттарымен бөлісті. Әншінің қаржысы жетпей, көзінен бұлбұл ұшқан әндер де бар екен.
«Бұйырса, жақында үй алғалы жүрмін. Гонорарым Алматыда 500 мың теңгеден басталады. Ал еліміздің батыс өңірлерінде 3000 долларға дейін табыс табамын. Берсе ала бересің ғой. «Алмайм» дейтін пенде жоқ шығар», - деді әнші.
Сондай-ақ Нұрболат Абдуллиннің «Сезімді қайтейін» атты әнді алуға қаражаты жетпей қалған. Ол ән қазір Қанат Үмбетовтің орындауында хитке айналды.
«Кейде қолың жетпейтін әндер болады. Қап, әттеген-ай дейсің. Бірде ақшаң жетпейді. Бірде үлгермей қаласың. Кейін ол әндер өзгенің орындауында хитке айналып жатады. Қазір алдын-ала ақша тастап кетуді әдетке айналдырып жүрмін», - деп сырын айтты әнші.