Отандық әншілерді айнытпай салған әзілкеш залды жарды (видео)
Елімізге белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов Көңілді тапқырлар алаңында отандық әншілерді айнытпай салып, көрермендерді күлкіге қарық қылды.
Нұрболхан отандық әншілерді бір сыныпта оқытып, өзі ұстаздың рөлін ойнайтын көріністе шоу-бизнес пен руханият әлеміндегі бар шындықты астарлы әзіл арқылы көрсеткен.
Аша Матайдың "шулы сыныбынан келдім" деген әзілкеш "Қалаулым" бағдарламасын сынап өтеді. Одан кейін Ләйлә Сұлтанқызының әлеуметтік желіден шықпайтынын айтады. Ернар Айдардың: "Қайратқа неге бес қойып, маған үш қойдыңыз?" деген сұрағына берген жауабы да залдағы көрерменді күлкіге қарық қылды.
Нұрболхан Шарапов шоу-бизнестен бөлек айтыс төңірегінде болып жатқан келеңсіз жайтты да түйреп өтті. Онда сынып старостасы болып сайланған Жүрсін Ерман Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабек және Балғынбек Имашевтармен бүгінде онша араласпайтынын айтады.
Ең соңында сыныпқа жаңадан келген атышулы "Кешьюлық" қыздар Ақботаны Дәуреннің жанына, Жұлдызды Айқынның қасына отырғызады.
Видеоны YouTube желісінде көрген көрермен әзілдің шындыққа сай екенін жазып, күлкіге қарық болғандарын жеткізген.