Отандық телеарна директоры мен продюсер отбасын құрды
Отандық "Қазспорт" арнасының директоры Нағи Бақытбеков продюсер Аида Тілеуханмен шаңырақ көтерді. Желіде жас жұбайлардың дүркіреп өткен тойынан кадрлар пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Медиа нарықтағы танымалдардың тойына отандық жұлдыздар да қатысты. Олардың арасында Гүлнұр Оразымбетова, Нұрлан Еспанов, "Формат" тобы, Құрмаш Маханов, Данияр Өтеген, Тұрсынбек Қабатов, ақын Қалқаман Сарин бар. Сондай-ақ, Айгүл Мүкей мен Қымбат Досжан әріптестерінің қуанышына ортақтасты.
Айта кетейік, 35 жастағы Нағи Бақытбеков 2020 жылдың 8 маусымынан бері "Қазспорт" арнасын басқарады. Ал Аида Тілеухан танымал продюсерлік орталықта қызмет атқарады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу