Өткенге үңілу – болашақ игілігіне қызмет ету

Өткенге үңілу – болашақ игілігіне қызмет ету

Карл БАЙПАҚОВ, Қазақтың Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, академик:

Қазақстан Тәуелсіздігін алған кезден бастап өзінің ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарын, бай әдеби мұрасын түгендеуге жүйелі түрде қайта жаңғыртып, жаңартуға кірісті. Кейін бұл бағыттағы жұмыстар бір арнаға топтастырылып, 2003 жылдан бері «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдар­ламасы іске қосылды.
Осы орайда ел тарихын зерттеп-зерде­леу ісінде ғылымның әр саласында кезең-кезеңімен нақты жобалар жүзеге асырыла бастады. Сан-салалы бағытты қамтитын бұл бағдарламада әсіресе өзім тікелей араласатын археология саласына артылар жүк өте ауыр. Себебі біздің өткен тарихы­мыз­ды зерттеу ісінде жазба деректер өте аз сақталған. Әсіресе көне дәуірлерге қатысты көптеген деректерді дәл анықтау қиынның қиыны. Есесіне көне ескерткіштер мен тарихи орындар бізде жетерлік. Осы орайда археологтер тапқан жәдігерлер тарих қатпарларында қалған жұмбақтарды шешуге зор мүмкіндіктер береді. Мұның бәрі – мемлекетіміздің келешегі үшін істелініп жатқан жұмыстар. Ал өткенге үңілу бола­шақ игілігіне қызмет ету екені сөзсіз.
Негізі, «Мәдени мұраға» бөлініп жатқан қаржы жеткілікті. Жоспардағы жобалар өз ретімен жүзеге асырылуда. Тек оны ұтымды игере білу қажет. Ал шет мемлекеттердің көмегі артық болмайды. Олар әсіресе археологиялық жұмыстарға көптеп тартылуда. Бұр ретте көршілес Ресей мен батыстың, АҚШ пен Жапония елдерінің мамандары бізбен тығыз қарым-қатынас­та. Өзгелердің тәжірибесі­не сүйенбей бол­майды. Қанша дегенмен олар бұл сала­да жаңа технологияларды жақсы пайдалана алады.


«Мәдени мұра» бағдарламасының аясы өте кең әрі жан-жақты. Бұл – тарих пен мәдениеттің, әдебиет пен тілдің, өнер мен архитектураның және басқа да ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін зерттеуге, соларды жинақтап, ел игілігіне жаратуға бағытталған ірі мемлекеттік жоба. Соңғы жылдары қазақстандық археолог маман­дар тың деректерді молынан тауып, біраз олжаға кенеле бастадық. Аталған бағдар­лама аясында Жетісу жерінде Майбұлақ қоныс орнында қазба жұмыстары жүргізіл­ді. Алматы маңындағы Талғар аумағында ХІІ ғасыр мен ХІІ ғасырдың басындағы қаланың шығыс қақпасы ретінде бой кө­тер­ген Тальхир қалашығы табылды. Бүгінде Алматы қаласының аумағында да орта ға­сыр­дағы қалашық табылып, зерттелу үстінде. Ол жерлерден Х-ХІІІ ғасырларға жата­тын қыш ыдыстар табылды. Бұл мате­риал­дар Алматы қаласының жасы 1000 жыл емес, 1100-1200 жыл екенін дәлел­дей­ді. Жақында Сырдария жеріндегі Жан­кент қалашығының қазба жұмыстарынан қызықты материалдар алынды. Бұл қала астана болуымен қатар, халықаралық сауда орталығы болған. Осы қала арқылы Батыс пен Оңтүстік-Батыс Еуропаға, Иран мен Хорезмге жолдар өткен. Бұдан бөлек, бүгінде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру, жаңғырту жұмыстары, қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанды ар­хео­логиялық зерттеу жұмыстары ауқымды түрде жалғасын тауып келеді. Сонымен қатар Берел мен Қырықоба сақ пен сармат зираттарында, Жібек жолы қалаларының қалдықтары қалған орындарда, Түркістан, Қаялық, Сауран, Арсубаникет, Сарайшық астаналық орталықтарда, Ақыртас кеше­нін­де зерттеулер,  археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Айта берсе, атқа­рылып жатқан шаруалар жетерлік. Бұған қоса, әлі де қолға алынатын жұмыстар көп...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста