«Өз ақылдарыңыз өздеріңізге!»: Ерке Есмахан жеке өмірін сынағандарға жауап берді

«Өз ақылдарыңыз өздеріңізге!»: Ерке Есмахан жеке өмірін сынағандарға жауап берді

Ninety One тобының бұрынғы әншісі AZ-мен көңіл жарастырған Ерке Есмахан бүгінде өзінің жеке өмірін ешкімнен жасырмайтын болған.

Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында өзін «жасы кіші жігітпен жүрді» деп сынағандарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ninety One тобының бұрынғы әншісі AZ-мен көңіл жарастырған Ерке Есмахан бүгінде өзінің жеке өмірін ешкімнен жасырмайтын болған. Ол әлеуметтік желілерде оқырмандарының сұрақтарына бүкпесіз жауап беріп, барынша кері байланыс жасауға тырысады. Бұл жолы да ол Instagram желісі арқылы желі қолданушыларымен әңгіме-дүкен құрып, бірқатар сауалдарына жауап берген. Оның ішінде жеке өміріне қатысты сұрақтарды іріктеп алып, жауап берді. Ол жеке өміріне қатысты ақыл айтып, сынай жөнелетіндерге пікір білдірді.

«Саған басқа жігіт керек еді негізі. Тоқал болсаң да», - деген пікір иесіне әнші былай деп жауап берген:

«Өз ақылдарыңыз өздеріңізге, тасып бара жатса, ақылды бала-шағаларыңызға айтыңыздар! Мен біреудің семьясын бұзып, балаларының көз жасына қалып, ешқашан тоқал болмаймын. Біреудің ала жібін аттап, бақытты бола қоймаспын. Мен тәрбиені және махаббатты таңдаймын. Жүрегім тыныш, бақыттымын, шүкір!», - деп жазды ол.

Еске салсақ, жуырда әнші өмірінде болып жатқан әрбір сәті үшін алдымен жаратушыға, одан кейін барша жақындарына алғысын білдірген болатын.

«Сүйгенімнің сүйіктісі болып жүргеніме шүкір», - деген болатын эстрада жұлдызы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
#Ninety Onе #Ерке Есмаxан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста