"Парақша аша сала ақылы сабаққа шақырып, ақыл үйретіп кетті": Желі қолданушылары Төреғалидің жарына қарсы шықты
Төреғалидің жары Толқын Тұрарқызы ене мен келіннің ара қатынасы туралы айтты. Толқын ханым жас келіндер ақылын айтып, жас қыздарға болашаққа қажет кеңесімен бөлісіп жүр. Мақсатым - ақыл айту емес, үйрету дейді өзі. Алайда желі қолданушылары оның сабақтарына қарсы.
"Қазақ халқы әр нәрсенің ара жігін ажыратып, орнын белгілеп қойған дана халық! Ене мен келін арасындағы даудың барын, жасырғанымызбен, бүгінгі күннің жас отбасыларының ажырасуына себеп болатын анасы мен әйелінің ортасында қалып қойған ер адамның дәрменсіздігін көзіміз көріп жүр. Енесі келініне, келіні енесіне өз дегендерінің дұрыстығын дәлелдеумен туатын даулардың куәсі болғандарыңыз қаншама. Біздің менталитет- бастаған іске беліңді буып, қолдан келгенше көмек берудің орнына, сағыңды сындырып, сынын білдіреді! Менталитті қалыптастыран адамдар", - деп жазды Толқын Тұрарқызы.
Толқын ханым жас қыз-келіншектерге өз білгенін айтып, тату отбасын сақтап қалудың жолдарын үйретті. Бар ауыртпалық әдетте келінің мойнына артылады деді ол.
"Айтқым келгені, ақыл айту емес мақсатым, құрметті оқырман! Әр адамның басында әртүрлі проблема, әр түрлі кедергі, әр түрлі мақсат бар! Пікірлеріңізді білдіріп, қолдаған жандарға алғысым шексіз. Жас қыздар, болашақ келіндер, жас келіндер! Әр түрлі жағдайдағы отбасына тап болады! Әр түрлі ененің, әр түрлі күйеудің қолында, өмір сүруге деген құлшынысы азайып, қаншама бала әкесіз өсіп жатқаны жаныма батады. Бірақ жүктің бәрі сол келінге түсіп, кінәнің бәрін өмір бойы арқалап өтетін сол келін", - деп жазды ол.
Айтуынша, ене мен келін мәселесі әлі де бар. Әлі де ене мен келіннің ара қатынасының бұрыстығынан ерлі-зайыптылар ажырасуға дейін барады. Ер азамат әйелі мен анасының ортасында дәрменсіз күй кешеді. Азаматты ондай жағдайға жеткізбеу керек.
"Алланың берген тағдырына мойынсұнамыз әрине, бірақ әрекетте - берекет бар, Алла Тағала сабыр етушілерге берген сыйы толассыз! Әр адам өзін тек ішінен көреді, яғни фокус сыртқа қарайды, сондықтан барлығымыз кінәні сырттан іздейміз. Ата-енем, ақшаның тапшылығы, күйеудің қауқарсыздығы тағы-тағы. Бірақ әрқайсысының Алладан берілген сынақ екенін, сол нәрседен сабақ алмайынша, Алла дәрежемізді өзгертпейтінін түсіне бермейміз! Яғни сол дөңгелектің шырмауынан өмір бойы шықпай жүре беруіміздің себебі өзімізде екенін қабылдау қолдан келе бермейді" , - деп жазды Толқын.
Желі қолданушылары желіде парақшасы аша сала ақылы сабаққа шақырып, ақыл үйретіп кеткен Толқын ханымға қарсы шықты.
"Үйде табыс жақсы кіріп тұрса, балаларың болса, ешқандай ене мен келін арасында түсінбеушілік болмайды. Ұрыс неден шығады - жоқшылықтан. Сол себепті қанша оқысаң да уйде дұрыс табыс көзі болмаса, бәрібір екі тарапта түсінбеушілік болады. Сендерде неге ұрыс болмайды? Неге сен салиқалы келінсің? Себебі барлық нәрсе бар, балалардың қарны тоқ, көйлегі көк", - деді желі қолданушысы.
"Сонда бұл сабақта не үйретесің? Дүкенге сұранып шығуды, қайын жұртың не айтса басыңды салбыратып жүруді, тапқан табысыңды 1% да ұстай алмай енеге беруді үйретесің ба? Әр қыздың мінезі,тұрмысы бөлек", - деп жазды енді бірі.
"Инста парақшасы ашпай-ақ отыр екенсіз. Аша сала ақылы сабақ өтіп. Әркімнің өзінің санасына берсін. Сіз айтты деп өзгере салмайды. Мінез ол тууа біткеннен дариды адамға", - деп жазды тағы бір оқырман.
"Сіздің қателігіңіз сол, инстаграмм аша салып сабақ бастап кеткендігіңіз. Оны жаймен бастау керек еді немесе посттарыңызда ақырындап ой салаларалық пост жазу керек еді. Сізді бәрі үлгі тұтып менің келісім осындай болса екен деп жүрді. Ал сіздер отбасымен ақылдастыңыз ғой. Енді шыға сала ақылы сабаққа шақырдыңыз", - деп жазды өзгелері.
"Біреуге үйрету үшін өзің білу керек емессің бе?", "Тақияны қазақта тұрмыс құрмаған қыздар ғана киеді. Оны білмеген Толқын ханым басына тақия киіп алып ибалы келін болуды үйретіп жүр", - деп жазды енді бірі.