Париж төрінде бірінші орын алды

Париж төрінде бірінші орын алды

Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейдің оқушысы Айжан Қыдырбек «Евросаябақ көзайымы» халықаралық байқауында бірінші орын биігінен көрінді. Еуропа төріндегі Париж қаласында болған ән сайысында ол төрткүл дүниеден келген жезтаңдай әншілер арасынан оқ бойы озық шықты.
Сыр өңірін былайғы жұрт сүлейлер ме­кені деп те атайды. Расында, бұл аймақта көмейіне бұлбұл ұялаған талай та­лантты тарландар дүниеге келген. Қа­зақтың төл өнерін бағалай білетін жұрт Қармақшыны жыраулар өлкесі деп біледі. Өйткені аталмыш ауданнан жы­раулық өнерді дәріптеп жүрген қаншама өнер­паз бауырларымыз шықты. Осын­дай құт қонған қоныстың қарлығашы Ай­жан да айдай әлем алдында қазақ хал­қының ән өнерін асқар биікке шы­ғара білді.
Ән байқауында Айжан орындаған әндерге шетелдік мамандар жоғары ба­ғасын берді. Келешекте оның өнер жо­лында өрелі биіктерге қадам басарына се­нім артты.
Ақзира ҚАСЫМОВА, Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейдің директоры:
– Айжанның халықаралық бай­қауда алған жүлдесі еліміздің абы­ро­йын асқақтатты. Оған қазақтың мақ­таныш тұтатын қызы бол деп тілек ай­тамыз да. Жалпы, біздің ұжым оқу­шымыз Айжанды мақтан тұтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста