Патриоттық әндер сыннан өтті

Патриоттық әндер сыннан өтті

Алматыдағы Қыздар педагогикалық университетінде «Туған ел» тақырыбында белгілі музыкатанушы, композитор, профессор Өмірбек Байділдаевтың 80 жылдығына арналған ІІІ қалалық патриоттық әндер байқауы табысты өтті.
Оқу орнының Өнер және мәдениет факультетіне қарасты мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен қалалық ән байқауына Қыздар универ­ситетінің, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының, Ж.Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері мен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студент­тері, сонымен қатар К.Байсейітова атын­дағы дарынды балаларға арналған рес­публикалық мектеп-интернаты мен А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінің оқушылары қатысты.
Ләйлә Аманқұлова, Қыздар педагогикалық университеті Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы:
– Көрнекті композитор Өмірбек Байділдаев – еліміздің музыка мәде­ниетінде өзіне тән қолтаңбасымен даралан­ған, кесек тұлғалы композитор, білімді ұстаз, сонымен қатар зерделі музыка зерттеушісі. Ол ұзақ жылдар Қазақ мемлекеттік қыздар педа­гогикалық университетінде, Музыка теориясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Сол жылдары музыка мәдениетінің тарихы мен теориясын қалыптастыруға атсалысты. Ән жанрында да үлкен жемісті еңбек етті. Бұл шара музыка, өнер саласына үлкен із қалдырған дара тұлғаның әндерін жастар арасында кеңінен таныту, насихаттау, сонымен қатар талантты жастарымыздың жолын ашу мақ­са­тында арнайы өткізіліп отыр.

Байқау талабы бойынша әрбір қаты­сушы екі әннен орындады. Бірінші ән – Өмірбек Байділдаевтың шығармашы­лығынан алынса, екінші ән – өз таңдауы бойынша патриоттық тақырыпқа арналды. Үміткерлер әндерді жанды дауыспен, аспаптардың сүйемелдеуімен орындады. Байқауға қатысушыларға елімізге танымал опера әншісі Дина Хамзина, ҚР мәдениет қайраткері Алпыс­бай Көпбаев бастаған өнер саласының қайраткерлері қазылық жасады.
Кеш барысында ақын өмірі мен шығар­машылығы жайлы бейнефильм көрсетіліп, композитордың еліміздің музыка мәде­ниетінде сіңірген еңбегі атап өтілді. Байқау қорытындысында жеңімпаз жас талант­тарға жүлделер табыс етілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста