Павлодарда Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125 жылдығына орай аймақтық театрлар фестивалі өтуде

Павлодарда Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125 жылдығына орай аймақтық театрлар фестивалі өтуде

Павлодар облысында көркем сөздің зергері, аса көрнекті мәдениет қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған фестивальдің шымылдығы түрілді. «Алаштың ардақтысы» атты шара еліміздің өнер әлеміндегі маңдайалды 9 театрлардың басын бір арнаға тоғыстырды.
«Театры төрде болған елдің халқы өр болады», - дейді халқымыз. Фестивальдің барысында республикамыздың тоғыз театр ұжымы өзара кәсіби шеберліктерін танытады. Әртістердің кәсіби дәрежесін, шығармашылық әлеуетін КСРО және ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Асанәлі Әшімов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, театр сыншысы Әшірбек Сығай бастаған қазылар алқасы таразылап, бағалайды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Ж.Аймауытовтың шөбере інісі Төлеген Абраманов ұлы қайреткердің мерейтойына ерекше көңіл бөліп жатқан, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Театр мерекесінің салтанатты ашылуынан соң барысында Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен өнегесін арқау еткен алғашқы спектакль сахналанды. «Ар алдаспаны - Аймауытов» қойылымын Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы ұсынды. Шығарма авторы – ҚР Халық әртісі, режиссер-драматург Ерсайын Төлеубай.
- Театрсүйер қауым халқымыздың біртуар перзенті - Жүсіпбек Аймауытовтың сахналық бейнесімен алғашқы рет қауышты деп ауыз толтырып айта аламын. Бұл спектаклді жазуды екі жыл бұрын қолға алған едім. Жүсіпбек – Алаштың маңдайалды тұлғасы. Аталмыш қойылымда XX ғасыр басындағы алмағайып заманда өмір сүріп, сол бір аласапыран шақтың шындығын ірі суреткерлікпен бейнелеген қаламгердің болмыс-бітімін барынша ашуға тырыстық. Қоғамның қайшылықты сипаты, сол заманда тәуелсіздігін аңсаған халықтың өмірі көрініс тапты. Сондай-ақ, біртуар тұлғалардың Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жұмат Шанин, Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаевпен табысқан сәттері паш етіледі, - деді Ерсайын Жүнісбекұлы.
Фестиваль барысында Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облысының, «Дариға-ай» Семей қалалық жастар театрының, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық театрының, Б.Римова атындағы Алматы облыстық Талдықорған театры, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды театры, Абай атындағы Семей театры, А.Чехов атындағы Павлодар облыстық орыс драма театры және семейлік Ф.Достоевский атындағы орыс драма театрының ұжымдары өнер көрсетуде.
Асанәлі ӘШІМОВ, КСРО және ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор:
- Павлодар жерінің тумалары - Жүсіпбек Аймауытов, Жұмат Шанин, Шәкен Аймановтай тау тұлғалар болмаса, қазақтың ұлттық өнері өркен жаймас еді. Қазақ театрының негізін қалаған арда азаматтардың барлығы осы өңірден шыққанын мақтан етемін. Ертістің Павлодар өңірі – менің елім! Өнер мен ғылымның Меккесі атанып, ұлы тұлғаларды тудырған қасиетті топырақ – өмір бойғы рухани азығымыз. Бұл өңір – жан-жақты өскен, өркендеген аймақ. Ұлыларды ұлықтау – әрқайсымыздың міндетіміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста